Жаңа картинада Леонардо Ди Каприо мен Дженнифер Лоуренс әлемді құтқарады

Жаңа картинада Леонардо Ди Каприо мен Дженнифер Лоуренс әлемді құтқарады

Netflix стримингтік платформасы Леонардо Ди Каприо мен Дженнифер Лоуренс басты рөлдерді сомдаған «Жоғарыға қарама» комедиясының алғашқы трейлерін шығарды.

Сюжет бойынша актерлер үлкен трагедияның алдын алуға мәжбүр болған астрономдарды ойнайды. Сценарий бойынша алып комета Жер ғаламшарына қарай бет алады, астрономдар әлемді құтқарғысы келеді, бірақ оларға ешкім сенбейді. Ғалымдардың сөзіне күмәнмен қарайтындар қатарында Мерил Стрип ойнайтын ел президенті мен Джуна Хилл ойнаған сол президентті қырсық ұлы да бар.

Фильмнің актерлік құрамы мінсіз. Жұрт асыға күткен кинокартинада Тимоти Шаламе, Ариана Гранде, Кейт Бланшетт, Рон Перлман және т.б. ойнайды. Сценарист әрі режиссер Адам Маккей.

Комедия 2021 жылдың 24 желтоқсанында Netflix-те шығады.

А. Оралқызы