Netflix түсірген Мэрилин Монро туралы картина 2022 жылы жарыққа шығатын болды

Netflix түсірген Мэрилин Монро туралы картина 2022 жылы жарыққа шығатын болды

Netflix платформасы Мэрилин Монро туралы жаңа фильмнің тұсауын осы жылы кеспек еді. Енді оның премьерасы келесі жылға ауыстырылды. Жоба авторлары мұндай шешімнің себебін айтуды жөн көрмеді.

Картина Blonde ("Блондинка") деп аталады. Жобаның режиссері ретінде аустралиялық Эндрю Доминик бекітілген. 

Басты рөлді танымал кубалық актриса Ана де Армас сомдайтыны белгілі. Сюжет Джойс Кэрол Оутстың 2000 жылы шыққан романының желісі бойынша жазылған. Бұл туындының өзі сол кезде Пулитцер премиясына ұсынылған екен. Автор ХХ ғасыр жұлдызының ішкі жан-дүниесіне үңіле отырып, Америкадағы әлеуметтік әділетсіздік туралы баяндайды. 

Бұрын туынды мини-сериал форматында экранизацияланған. 2001 жылы шыққан жобада Мэрилин рөлін Поппи Монтгомери сомдаған. Ал Netflix платформасы жасаған нұсқаға қатысты өзге деректер жарияланбады.

А. Оралқызы