Amazon "Сақиналар әміршісі" сериясындағы алғашқы кадрды көрсетті

Amazon Studios кинокомпаниясы Джон Толкиннің "Сақиналар әміршісі" романы бойынша түсірілген жаңа сериалдың алғашқы кадрын көрсетті. Туындыдағы алғашқы кадр серияның Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

Бұл cериал Prime Video-да әлемнің 240-тан астам елінде көрсетіледі. Сонымен Amazon "Сақиналар әміршісі" сериалының жаңа сериясын аптасына бір рет шығарады. Сериалдың әлі күнге дейін ресми атауы жоқ.

Орта Жердің екінші дәуіріндегі оқиғалар Толкиннің "Сақиналар әміршісі" трилогиясының негізгі сюжетінен бірнеше мың жыл бұрын өтеді.

Бес маусымнан тұратын сериалға Amazon  1 миллиард долларға шығындалды. Бұл THR мәліметтері бойынша тарихта бұрын-соңды шығарылған ең қымбат серия болғалы тұр.

"Орта Жерде жаңа эпикалық саяхатқа шығатынымызға қуанышымызды айтып жеткізе алмаймын. Біздің талантты продюсерлер, актерлер, шығармашылық және өндірістік топтар Жаңа Зеландияда осы керемет фильмді жарыққа шығару үшін аянбай еңбек етті", -деді Amazon Studios бас директоры Дженнифер Сальке.


"Сақиналар әміршісі" фильмі – Джон Рональд Руэль Толкиеннің "Сақиналар әміршісі" романына негізделген трилогия. Фильм 17 "Оскар" сыйлығына ие болды. Ал кейінгі "Патшаның оралуы" (2003) фильмі ұсынылған барлық 11 "Оскарды" алды, бұл бір фильм алған "Оскардың" рекорды  саналады.

Естеріңізге сала кетейік, серияның түсірілуі 2017 жылдың соңында басталды, компания Толкиннің "Сақиналар әміршісі" романының фильмге бейімделу құқығына ие болды. Netflix-тен бұрын түсіру құқығына ие болу үшін Amazon жазушы мұрагерлеріне 250 миллион доллар төлеуге мәжбүр болды.