Disney: "Бэмбидің" кинонұсқасы шығады

Disney: "Бэмбидің" кинонұсқасы шығады
Фото: vk.com

Disney корпорациясы "Арыстан патша" мульфильмінің кинонұсқасын жасап, кірісін біраз арттырғаннан кейін "Бэмбиді" қолға алуды жөн көріпті.

Белгілі сценаристер Женева Робертсон-Дуорет пен Линдси Бир фильм сюжетін жазуға әлдеқашан кірісіп кеткен көрінеді. Мультфильм түпнұсқасы 1942 жылы шыққан еді. Сол сәттен бастап әлі күнге дейін аталған туынды анимация тарихындағы ең үздік жұмыстардың бірі ретінде бағаланып келеді.  

Естеріңізге сала кетейік, "Арыстан патша" әлемдік прокатта 1 миллиард 656 миллион доллар жинаса, дәл осылай кинонұсқасы шыққан "Аладдиннің"  кассалық жинағы 1 миллиард 51 миллион долларды құрады.

А. Оралқызы