Жаңа классика: Офелияның баяндауындағы "Гамлет"

Әлеуметтік желілерде "Офелия" аталатын драмалық туындының трейлері мен фотосуреттері пайда болды. Бір қызығы, бұл картинада Шекспир туындысында оқиғаны Офелия баяндайды.

Фильмнің қоюшы-режиссері аустралиялық Клер Маккарти сюжетті Лиза Клейннің туындысы негізінде жазған. Лизаның романы бойынша, Офелия Гертруда патшайымның сүйікті фрейлинасы ретінде сарайда қызмет атқарады. Сұлу һәм ұшқыр ойлы ару Гамлеттің көзіне бірден ілігеді. Осы кезде патшаға қиянат жасалып, ол бақилық болады. Оның орнына таққа жауыз Клавдий келеді.

"Офелия" фильмінің премьерасы 28 маусымға жоспарланған.