III Baikonyr Short Film Festival: Қатысушылар анықталды

III Baikonyr Short Film Festival: Қатысушылар анықталды
Фото: vk.com

20-23 қыркүйек аралығында Алматыда, Kinoplexx Sary Arka-да өтетін III Baikonyr Short Film Festival байқау бағдарламасының қатысушылары анықталды.

Келіп түскен 195 фильмнің ішінде бағдарламаға  ойнамалы, деректі және анимациялық 47 жұмыс енді. Үміткерлерді кинотанушы Ержан Жұмабеков және киносыншы  Кәрім Қадырбаев іріктеді. Baikonyr Short Film Festival-дің бас демеушісі - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, жобаның бас серіктестері –Kinopark Theatres және KinoplexxCinemas.

III Baikonyr SFF қатысушылары үш категорияда таныстырылады: ойнамалы фильмдер бөліміне 27 картина, анимациялық фильмдер бөліміне - 11, ал деректі фильмдер бөліміне 9 жұмыс қатысады.

Ойнамалы кино: "Тілім" Дана Сәбитова, "Куә бол" Камилла Абд, "Асан" Берік Жаханов, "Соңғы хат" Бағлан Құдайберлиев, "Отау" Әлішер Жәдігеров, "Бұлттан күштірек" ("Hoochie Coochie Man") Алмаз Амандосов, "Әйгерім" Малика Мұхамеджан, "Ұсқынсыздар циркі" Мырза Байсамбеков, Самрат Иржасов, "Манғашлық" Людмила Лебедева,  "Күзгі уайым" Асылбек Мұсабеков,  "The Morning" Тілеу Диас, "Соңғы мұғалім" Ален Рахметалиев, "Мен балалардың қалай өліп жатқанын бақылағанды ұнатамын" Әлібек Әбдухалық, "Самал" Сержан Шұғыла, "40 м2" ("Қырық квадрат метр") Дарина Манапова, "Interius" ("Ішінде") Диас Әзімжанов, "Жабайы күндер" Самғар Рахым, "Жасырынбақ" Венера Қайыржанова, "Хат" Әділ Мұсатаев, "Lost" Бақытжан Урахаев, "Қыстың соңы" Әмір Әменов, "Мараттың бейнежазбасы" Әлімжан Құдабаев, "Бітеу жара" Сая Омар, "Толғау" Аян Найзабеков, "Қош бол, досым" Тимур Сердалин.

Анимациялық кино: "Өркеш" Иван Ардашов, "Серіктес" Данияр Әкежан, "Роботбек" Жандос Илианқұлов, "Аққу" Ділшат  Рахматуллин, "Ораман қожайыны" Айдар Жұмажанов, "Арман" Ерсұлтан Салтанат, "Құмырсқа қанағаты" Рауан Мейірбеков, "Жолдының күйі - ҚАРА ЖОРҒА" Ділшат  Рахматуллин, "Жарқын елес" Томирис Дәулетова, "Бағдаршам" Айдар Жұмажанов, "Тастанды" Рауан Мейірбеков.

Деректі кино: "Наири" Қайша Рахимова, "Сені іздеймін" Тоғжан Нұрбацина, "Crazy mom" ЖанАна Құрмашева, "Оңтүстік" Зәуре Омарова, "Uzbek Elegy" Бахтияр Исламов, "Түстер үйлесімдігілі" Евгений Лумпов, "Қасапшының бір күні" Нұрсұлтан Нұсқабеков, "Жыраққа" Сәбина Әбдімәлік, "Өйткені сүйемін" Камилла Абд, Камилла Бердімұратова.

Биылғы жылы жеңімпаздар келесі 13 номинация бойынша анықталады: Бас жүлде, "Үздік режиссер", "Үздік оператор", "Үздік қоюшы-суретші", "Үздік сценарий", "Үздік тәжірибелік фильм", "Үздік деректі фильм", "Үздік анимациялық фильм", "Үздік актер", "Үздік актриса", "Үздік дыбыс", "Бродвей таңдауы" және "Қазылар алқасының жүлдесі".

Фильмдерді актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай, актриса әрі продюсер Баян Алагөзова, Өзбекстан жас кинематографшылар кеңесінің төрағасы, продюсер Ойбек Абдушукуров, актриса Аружан Жазылбекова, дыбыс режиссері Денис Коноплев, режиссер, актер Баймұрат Жұманов, дерекші-режиссер Катерина Суворова, "Қазақфильм" жанындағы "Анимациялық кино" ШӨБ жетекшісі Адай Әбелдинов және қоюшы-суретші Яна Тюлькина бағалайтын болады.

Кинотанушысы әрі киносыншысы, FIPRESCI пен NETPAC мүшесі, Қырғызстан кинематографшылар одағының мүшесі Гүлбар Толомушова комиссия төрағасы болып сайланды.

Көрсетілімді Жаннат Алшанованың "Маусым соңы" картинасы ашады. Фильм 71-ші Канн кинофестивалінің Cinefondation қысқаметражды таспалар байқауына қатысқан болатын. Baikonyr Short Film Festival ұйымдастырушысы - "Бродвей" кинопорталы.

www.brod.kz

А. Оралқызы