"Чарли періштелері": Ремейк алдыңғы нұсқадан өзгерек болады

"Чарли періштелері": Ремейк алдыңғы нұсқадан өзгерек болады
Фото: vk.com

Атақты "Чарли періштелері" туындысының жаңа шығарылымы алдыңғы нұсқадан өзгерек болмақ.

Кристен Стюарт есімді актриса өзі басты рөлдердің бірін сомдайтын жобаның жай-жапсарымен былай деп бөлісті: "Көпшілік көрермен үшін "Чарли періштелері" мен "Чарли періштелері 2: Тек алға" сериялары белгілі бір өзіндік атмосферасы арқылы танымал. Біз сол қалыптасқан шеңберден шығуды көздейміз. Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек". Әзірге картинаға қатысты тың ақпарат жоқтың қасы. Десе де жақын арада оның сценарийі мен өзге де ерешеліктері туралы жаңа сұхбаттар легі шығарына сенеміз.

"Чарли періштелері" комедиялық шытырман оқиғалы атыс-шабыс фильмі 2019 жылдың 6 маусымында айналымға шығады. Оның премьерасы барша әлем бойынша асыға күтілуде. 

А. Оралқызы