Махаббат пен әділетсіздік. Тағы бір роман экранизациясы

Махаббат пен әділетсіздік. Тағы бір роман экранизациясы
Фото: vk.com

Америкалық романист Джеймс Болдуиннің "Бийл-стрит сөйлей алса ғой" атты туындысының желісі бойынша жаңа картина түсірілді. Режиссері — 2017 жылы "Ай сәулесі" фильмі үшін "Оскар" алған Барри Дженкинс. Түсірілімге Кик Лэйн, Стефан Джеймс, Колман Доминго, Диего Луна, Педро Паскаль сынды актерлер қатысты.

Бұл — қос ғашық туралы әңгіме. Әлемнің астанасы саналатын Нью-Йорктің афроамерикалықтар ғана шоғырланған Гарлем ауданында билік құрған әділетсіздік Фонни мен Тиштің қосылуына кедергі болады. Үйленіп, қалған өмірін мәңгі бірге өткізгісі келгенімен, тағдыр олардың жолдарын екі айырады.

Бұрын режиссер Джеймс Болдуинді өз заманынан озық туған жазушы деп танитынын айтқан болатын. "Оның америкалық сананы терең ұғынғаны сонша, шығармаларының маңыздылығы әлі күнге дейін жойылмай келеді. Тиш пен Фонни махаббатының құдіретін экранға шығару — менің үлкен арманым", - деді Барри Дженкинс.

Картина премьерасы 30 қарашаға жоспарланып отыр.

А. Оралқызы