Шекспирдің "Генрих IV" пьесасы бойынша түсірілген фильм

Шекспирдің "Генрих IV" пьесасы бойынша түсірілген фильм
Фото: vk.com

Netflix платформасы "Патша" аталатын жаңа фильмінің түсірілімі туралы хабарлады.

Уильям Шекспирдің "Генрих IV" мен "Генрих V" пьесалары негізінде жазылған сценарий аталған картинаның сюжеттік желісін құрайды. Актер Тимоти Шаламе ханзада Хэлді, яғни, болашақ патша Генрих V-ні сомдайды.

Лили-Роуз Депп

Сюжет бойынша, Хэлге тақ мұрагерлік жолмен өтеді. Алдағы өмірінде жас жігіт ел басқарудың қиындықтарына ұшырасады.  Оның досы болған Фальстафтың рөлін Джоэл Эдгертон ("Қызыл торғай") ойнайды. Кэтрин ханшайымды сомдау атақты Джонни Депптің қызы Лили-Роуз Деппке бұйырған екен. Фильм режиссері – Дэвид Мишо. Премьера 2019 жылы болады.

А. Қажиев