"Мауглидің" ерекше экранизациясы жарыққа шықпақ

"Мауглидің" ерекше экранизациясы жарыққа шықпақ
Фото: vk.com

Warner Bros. компаниясы "Маугли" анимациялық фильмінің трейлерін жариялады. Картина – классикалық әдебиет жаухарының кезекті экранизациясы. Редьярд Киплингттің джунглиде өмір сүретін бала туралы әңгімесін қайта жаңғыртқан режиссер –  Энди Серкис.

Жаңа картина бұрынғылардан ерек. Әдеттегідей орман тынысы өте жылы атмосферада көрсетілмей, оның суық әрі қатыгез болмысын ашады. Фильмде жолбарысты Бенедикт Камбербэтч, пантера Багираны Кристиан Бэйл, Кааны Кейт Бланшетт, Балуды  Энди Серкис дыбыстайды. Басты рөлді актер Роган Чанд сомдаған.

Премьера 2018 жылдың 19 қазанына жоспарланып отыр.

А. Оралқызы