- Негізгі бет
- Кино
- Тарантино “Криминалды шығармасын”...
Тарантино “Криминалды шығармасын” түсірген вилла
1994 жылы Квентин Тарантиноның ширек ғасыр бойы атағы өршімесе, өшпеген “Криминалды шығарма” атты туындысы үлкен экранға шықты. Нағыз культке айналған фильм “Оскар”, “Алтын пальма бұтағы” және өзге де 40 кинематографиялық жетістіктерге қол жеткізді. Тіпті, жастар арасында оның кейіпкерлеріне еліктеушілер де көбейді. Олардың іс-қимылы, сөйлеу мәнері, киген киімі, жеген асының бәрі тренд десек, қателеспейміз. Олар әрбір сөйлемі қанатты сөзге айналып кеткен қылмыскерлердің пәлсапалық диалогтарын, Траволта мен Турманның биін қайталайтын болды, "Мартин мен Льюис" сүтті коктейліне тапсырыс беретінді шығарды. Енді сондай көрермендер бақытына орай, фильм түсірілген вилла саудаға түспек.
Ол коттедж Студио-Сити аймағында орналасқан, көлемі 400 шаршы метрді құрайды. Жалпы 1,395 миллион долларға бағаланып отырған үйдің ішінде 3 жатын бөлме, екі жуынатын бөлме, қонақ бөлме, патио мен гараж бар.
Тарантино өнеріне табынушылар осы үйде тұратын танысына Джон Траволта мен Сэмюэль Джексонның кейіпкерлері көмек сұрап келетін жақсы біледі. Бұл “Криминалды шығарма” картинасындағы ең шиеленіскен сәттердің бірі.
Осы айда кино өнеріне қатысы бар тағы бір үй сатылымға шығарылды. Италияда орналасқан XVI ғасырға жататын виллада «Мені өз есіміңмен аташы» драмасы түсірілген. Биыл «Үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» марапатына ұсынылған картинаның түсірілім алаңы болған сарай 2,1 миллион доллар тұрады.
Италияның солтүстігінде Ломбардия аймағындағы тас үй архитектуралық ескерткіштер қатарына енгізілген. Іші қайта өркендеу дәуірінің аса ірі шеберлерінің бірі Рафаэль Сантидің шәкірті Аурелио Буссо салған фрескамен әрленген.
А. Оралқызы