Даңқты режиссер Тарантиноның келесі фильмі не туралы болмақ?

Даңқты режиссер Тарантиноның келесі фильмі не туралы болмақ?
Фото: vk.com

Режиссер Квентин Тарантино жуырда жаңа фильм түсірілімін бастамақ. Картина америкалық кісі өлтіруші Чарльз Мэнсон мен оның "Отбасы" атаулы белгілі қылмыстық тобы туралы болады.

Фильмде 1969 жылы 8 тамызда орын алған, барша әлемді дүрліктіріп, Голливуд жұлдыздарын өзге өңірге қоныс аударуға мәжбүрлеген оқиға көрсетіледі. Мэнсон мен оның қанішер достарынан құралған топ Лос-Анджелес қаласындағы үйлердің бірінде жүктіліктің сегізінші айындағы Шэрон Тейт есімді актрисаны қастандықпен өлтірген болатын. Актриса кинематография саласындағы ұлы режиссерлердің бірі Роман Поланскидің жұбайы болатын.

Тарантино картина сценарийін әлдеқашан жазып қойған. Алайда, фильмнің негізгі кейіпкері не Мэнсон, не Полански болатыны әзірге белгісіз. Қызықты оқиға, мықты режиссер. Күтеміз. 

А. Оралқызы