- Негізгі бет
- Кино
- "Гибли" студиясының үздік...
"Гибли" студиясының үздік анимелері
Жапонияда жарық көрген барлық анименің арасында атақ-даңққа ие болмаса да, халықтың сұранысына ие болып, ерекше есте қалғандары бар. Назарларыңызға «Гибли» студиясының әсерлі анимелерін ұсынамыз:
Кеше ғана (Ещё вчера)
• Драма, мелодрама.
• Жапония, 1991.
• Ұзақтығы: 118 мин.
Исао Такахата – «Гибли» аниме студиясының негізін қалаған жандардың бірі. Алғашқы ересектерге арналған анимесінде тұрмыстық жағдайды сипаттайды: алғашқы махаббат, есею, балалық шаққа деген сағыныш пен өткен өмір арқылы сұрақтардың жауабын іздеу.
Балаларға арналған анимациялық фильмдері арқылы танымал бұл студия үшін бұл аниме тың болуы әбден мүмкін. Соған қарамастан, анимені 1991 жылдың үздік картинасы ретінде мойындады. Ал, Таэко есімді арудың өмірі әйел адамдардың сезімін дөп басып жеткізген аниме ретінде тарихта қалды.
Біздің көрші Ямада (Наши соседи Ямада)
• Комедия, отбасылық.
• Жапония, 1999.
• Ұзақтығы: 104 мин.
Ямада жанұясы туралы қызықты оқиғалар — замани жапон азаматтарының өмірі туралы шексіз әзілдер жинағы. Сонымен қатар, бұл бірден компьютерге салынған студияның алғашқы фильмі.
Мысықтың оралуы (Возвращение кота)
• Фэнтези, шытырман оқиғалы, отбасылық.
• Жапония, 2002.
• Ұзақтығы: 75 мин.
Картинаның барлық элементі Миядзаки әлемін еске салады: өте жас басты кейіпкер, шынайы және сиқырлы әлем арасында саяхаттау қатар, «Мысықтар» патшалығымен күрес. Қызықты, иә?
Ергежейлілер әлеміндегі Ариэтти (Ариэтти из страны лилипутов)
• Фэнтези, драма.
• Жапония, 2010.
• Ұзақтығы: 90 мин.
Бұл – Хиромаса Ёнэбаясидің алғашқы жұмысы. Аниме ағылшынша балалар романының сюжетті бойынша түсірілген: Шо және Ариэтти есімді жасөспірімдердің өмірі мен достық қарым-қатынасын көрсетеді.
Кагуя ханшайым туралы ертегі (Сказание о принцессе Кагуя)
• Фэнтези.
• Жапония, 2013.
• Ұзақтығы: 125 мин.
Исао Такахата өзінің соңғы жұмысының сюжеті ретінде әйгелі жапон аңызы «Такэтори туралы повестті» таңдады. Дегенмен, жерге түскен ай ханшайымы туралы қарапайым әңгімеге Такахата философиялық ой қосып, ерекше суреттеп шығады.
Бұл «Гибли» студиясының толықметражды үздік анимелер топтамасы. Анимеге қашаннан бері қызығасыз, пікірде ой бөлісіңіз.
Т. Есқали