Адамзат тарихындағы ең үздік аниме экранизацияланады

Адамзат тарихындағы ең үздік аниме экранизацияланады
Фото: vk.com

"Ковбой Бибоп" – нағыз культке айналған туынды. Оны IMDB ақпарат көзі "Адамзат тарихындағы ең үздік аниме" деп бағалаған болатын. "Ковбой Бибоп" – әдемі бейнеленген терең шедевр. Стилизациясының өзі жоғары талғаммен таңдалған. Бұл блюз дәмі қосылған теңдессіз вестерн.

Жақында ғана осы анименің экранизацияланатыны туралы хабарланды. Картинаның продюсері Марти Адельштейн ("Ханна", "Қашу") мен Джош Эпплбаум ("Миссия орындалмайды: "Фантом " протоколы, "Ниндзя-тасбақалар") таңдалды. Жобаның жауапкершілігі түпнұсқаға иелік ететін жапониялық Sunrise аниме-студиясының еншісінде.

Аниме сүйетін қауымның көпшілігі фильмдегі кейіпкерлерді азиат актерлер сомдағанын қалап отыр. Нәтиже қалай боларын уақыт көрсетеді. Әзірге, күтеміз.

А. Оралқызы