Bekmambetov Cinema-ның ашылатын күні белгілі болды

Bekmambetov Cinema-ның ашылатын күні белгілі болды

Алматыдағы Bekmambetov Cinema кинотеатры 17 қараша күні ашылады.

Бұл туралы «Алмалы» сауда үйінің ресми туиттер-аккаунты арқылы хабарланды. Естеріңізге сала кетелік, кинотеатр осы сауда үйінде орналасатын болады.

Республика алаңының астынан салынған "Алмалы" орталығында орналасқан кинотеатрдың ашылуы осы уақытқа дейін бірнеше рет ығысып келген еді.

Жаңа кинотеатр 400 адамға есептелген. Бекмамбетов өкілдерінің айтуынша, репертуар жасаумен режиссердің өзі айналысады. "Бұл жабық киноклуб емес, кәдімгі коммерциялық кинотетар болады. Жалпы прокаттағы барлық фильмдер көрсетіледі. Сонымен қатар, Тимурдың көңілінен шыққан фильмдер де көрерменге ұсынылатын болады", - деді Ванидовская. Бұл жерде түрлі киносыншылар мен киномандармен кездесіп, сұхбаттасып отыруға да болады. 

Bekmambetov Cinema үш стандартты және үш VIP-залдан тұрады. Сонымен қатар, алдыңғы орындықтардың арқалықтарында 3D көзілдіріктерге арналған қалташа болады. Кинотеатрдың тағы бір ерекшелігі залдан шықпай-ақ барға тапсырыс беру мүмкіндігінің барлығы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: meloman.kazakh.ru