Эскобардан мықты кім бар?

Эскобардан мықты кім бар?

Әлеуметтік желілерде "Өкіл шеше" (Cocaine Godmother) атты кинокартина трейлері шықты.

Ондағы басты рөлді атақты актриса Кэтрин Зета-Джонс сомдайды. Ал, фильм болса, алғашқы колумбиялық контрабандист әйел  Грисельда Бланко өмірінен сыр шертеді.

Грисельда Бланко — Медельин наркокартелінің басты тұлғаларынаң бірі. Ол — 1970-1980-шы жылдары Америка Құрама Штаттарындағы барша есірткі жолдарын қадағалап отырған алғашқы әйел.

Биографиялық картинаның режиссері Гильермо Наварро осыған дейін Эскобар туралы "Нарко" сериалын түсірген.

Көпшілік көңілінен шыққан Наварроның жаңа туындысын асыға күтушілер саны да аз емес.

А. Оралқызы