«Тақтар ойыны» сериалында үлкен өзгеріс болуы мүмкін

«Тақтар ойыны» сериалында  үлкен өзгеріс болуы мүмкін
Фото: gameofthrones.wikia.com

«Тақтар ойыны» қазіргі таңда әлемдік сериалдар қатарында алдыңғы біріншілікті бермей тұрған сериал. Жетінші кезеңді бітіріп, сегізінші кезеңге жол алған сериалдың  өзгешелігі болатынын режиссер атап айтпасада, тұспалдап берді.

«Тақтар ойыны» сериалының сегізінші кезеңі әлі түсірілім алаңына жеткен жоқ. Тіпті актерлар мен актрисалар әлі де сценариймен таныс емес. Дегенмен көрермендер кімдердің өліп, кімдердің тірі қалатыны жайында тон піше бастады.

Өз кезегінде Джейм рөлін сомдайтын Николай Костер – Вальдау былай дейді: « көрермендердің ең жақсы көрген батырларының біразы өлілердің қолынан қаза тауып, солардың қатарына қосылуы мүмкін. Бұл сценарий маған ұнап тұрған жоқ, бірақ бір қызық болары анық».

Сегізінші кезеңнің түсірілім уақыты қазан айына жоспарланып отыр. 

М. Ақан