Фредди Меркьюри туралы "Богемалық рапсодия" деректі фильмі түсіріліп жатыр

Фредди Меркьюри туралы "Богемалық рапсодия" деректі фильмі түсіріліп жатыр
Фото: vk.com

Өткен жалдың аяғында Фредди Меркьюри туралы деректі фильмнің түсіріліп жатқаны белгілі болған еді. Атақты Queen тобының ең танымал Bohemian Rhapsody әнінің құрметіне "Богемалық рапсодия" аталатын фильмде Меркьюридің рөлін кім ойнайтыны баршаға қызық болғаны анық. Сол құпияның шеті жақында ғана ашылды.  

Entertainment Weekly басылымы өзінің инстаграм парақшасында Меркьюри образын сомдайтын актердің алғашқы суретін жария етті. Ол "Мистер Робот" сериалының жұлдызы Рами Малек болып шықты. Өзінің жаңа рөлі туралы актер: "Бұл мен үшін үлкен құрмет"- деді.

2010 жылы Фредди Меркьюри рөлі Саша Барон Коэнге бұйырады деген ақпарат болған. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл идея Queen тобының өкілдеріне ұнамай қалса керек. 10 жыл бойы түсіріліп жатқан картинаның премьерасы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

А. Оралқызы