Кинофестиваль туралы не білеміз?

Кинофестиваль туралы не білеміз?
Фото: vladtime.ru

Кинофестиваль – кино өнері туындыларының байқауы. Кинофестиваль кино өнерінің белгілі бір кезеңдегі табысы мен даму бағытын айқындау, кинематографияшылар байланысын нығайту, өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізіліп тұрады. Көркем фильмдермен қатар деректі, ғылыми-көпшілік фильмдер, оқу киносы, мультипликациялық фильмдердің Кинофестивальдары да ұйымдастырылады. Кейде кинофестивальдарды фильмдердің онкүндігі, айлығы, апталығы, бір күндігі деп те атайды. Маман режиссерлер қойған фильмдерден басқа кино әуесқойларының түсірген фильмдерінің де кинофестивальдары өткізіледі.

Тұңғыш халықаралық кинофестиваль 1932 жылы Венецияда (Италия) өтті. 1935 жылы Мәскеуде Киновестиваль ұйымдастырылды. 1939-45 жылдары 2-дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық Киновестивальдер жиі өткізілетін болды. Қазір Еуропаның, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Азия мен Африканың көптеген елінде халықаралық Кинофестивальдар өтіп тұрады. Кейде халықаралық Кинофестивальдер музыка және театр фестивальдерінің бір бөлігі ретінде ұйымдастырылады, ал кейде дүниежүзілік көрмелер ашылған кезде, жастар мен студенттердің фестивалі тұсында өткізіледі. Әдетте, ең жақсы фильмге, оны жасаған адамдарға сыйлықтар, дипломдар беріледі. Кинофестивальдерді өткізу ережелерін қадағалап отыру негізгі міндеттерінің бірі болып саналатын Халықаралық продюсcерлер ассоциациясы (1933 ж. ұйымдасқан) жұмыс істейді. Халықаралық Кинофестивальдерді маңызына қарай бірнеше топқа бөледі. Мәртебелі халықаралық Кинофестивальдер Венеция (Италия, 1932 жылдан), Канн (Франция, 1946), Карлови-Вари (Чехия, 1950), Берлин (Германия, 1951), Сан-Себастьян (Испания, 1955), Мәскеу (КСРО, 1959) қалаларында өтіп тұрды. Халықаралық Кинофестивальдерде қазақ көркем фильмдері: “Ана туралы аңыз” (1963; 1964), “Менің атым Қожа” (1963; 1967), “Атамекен” (1966; 1966), “Транссібір экспресі” (1977; 1978), “Өз кінәңнен арыл” (1983; 1984), “Сүйрік” (1984; 1985), “Бөтен Ақ және Шұбар” (1986, 1986) жүлде алды. 1958 жылдан бастап Кеңес Одағы ыдырағанға дейін бұрынғы КСРО-да Бүкілодақтық Кинофестивальдер өткізілді, оған барлық одақтас республикалар киностудиялары шығарған фильмдер қатысты. 6-шы (1973) және 19-шы (1986) бүкілодақтық Кинофестивальдер, телевизия фильмдерінің 10-бүкілодақтық Кинофестивалі (1983) Алматыда өтті.

Бүкілодақтық Кинофестивальдерде “Қараш-Қараш” (1968; 1970), “Мәншүк туралы жыр” (1969; 1970), “Көксерек” (1973; 1974), “Алпамыс мектепке барады” (1977; 1977), “Транссібір экспресі” (1977; 1978), “Қан мен тер” (1978; 1979), “Жаушы” (1980; 1981), “Жылан жылы” (1981; 1982) т.б. ондаған фильм сыйлықтарға, жүлделерге ие болды. Тәуелсіздік алумен бірге Қазақстан кинематографиясы жаңа белестерге көтеріле бастады. Кинорежиссер Д.Өмірбаевтың “Қайрат”, Ә.Қарақұловтың “Күйдіргі”, “Көгершін өсіруші”, Т.Теменовтың “Қызғыш құс”, Е.Шынарбаевтың “Сұрқай үшбұрыштағы орын”, Б.Қалымбетовтың “Соңғы ызғар”, С.Тәуекеловтың “Батыр Баян”, В.Пұсырмановтың “Қайсар” фильмдері түрлі халықаралық Кинофестивальдерде марапатталды.

Француз кино өнері академиясының Жорж Садуль атындағы сыйлығымен қатар алты бас жүлдеге ие болған С.Нарымбетовтың “Көзімнің қарасы” мен халықаралық Кинофестивальдерде алты бас жүлдені жеңіп алған А.Әмірқұловтың “Отырардың күйреуі” фильмдері Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Кино жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар да үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады. Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсті.

Фильмді бірден миллиондаған адам көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие, жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады. Қазақ жеріне алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. Сол жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі жанынан “Востокфильм” киноқоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда қоғамның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В.А.Турин Түркістан-Сібір Теміржол магистралі жайлы “Турксиб” атты деректі фильм қойды. 1930-32 жылдары қазақ өмірінен “Дала әндері”, “Жұт”, “Қаратау қазынасы” фильмдері қойылды. 1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдастырылды. Ол техникалық-өндірістік базасы жағынан ұлғайып, 1944 жылы Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы (1960 жылдан “Қазақфильм”) деп аталды.

Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан. Әлемдік кинофестивальдердің бірі 1951 жылы ұйымдастырылған Берлин кинофестивалі. Фестивальдің басқа да ірі кинофестивальдерден бір ерекшелігі, бүкіл әлемнен 500-ге жуық жас киногерлерді жинайтын «Talent Campus» деп аталатын жобасы.

Берлин кинофестивалі – «А» класындағы ең ірі және беделді фестивальдердің бірі. Ол – аты әлемге мәшһүр Канн және Венеция кинофестивальдерімен – тең дәрежелі байқау. Осындай деңгейдегі фестивальдің негізгі конкурс бағдарламасына қазақ киносы бұған дейін бір рет қана, 18 жыл бұрын қатысқан болатын. Ол – режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі еді (Венеция, 1995 жыл).

63-ші Халықаралық Берлин кинофестивалінде «Күміс Аю» жүлдесімен марапатталғандар:

«Ең үздік режиссер» - Давид Гордон «Повелитель лавин» (АҚШ) фильмі үшін;
«Ең үздік актриса» - Полина Гарсиа «Глория» (Чили, Испания) фильміндегі рөлі үшін;
«Ең үздік актер» - Назиф Муджич «Эпизод из жизни сборщика железа» (Босния-Герцеговина) фильміндегі рөлі үшін;
«Үздік операторлық жұмыс» – Әзиз Жамбакиев «Уроки Гармонии» (Қазақстан, Германия) фильмі үшін;
«Ең үздік сценарий» – Джафар Панахи «Закрытый занавес» (Иран) фильмі үшін.

Альфред Бауэрдың жүлдесі (кино өнеріне жаңашылдық алып келгені үшін) режиссер Дэни Котенің «Вик и Фло увидели медведя» (Канада) картинасы; Режиссер Ким Мордаунттың «Ракета» драмасы «Үздік дебюттік фильм» атанды. Ал, «Қысқа метр» байқауында француз режиссері Жан-Бернар Марлидің «Побег» фильмі «Алтын Аюға» қол жеткізсе, «Сохранить спокойствие» картинасы үшін Штефан Крикхаус қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. «Уроки гармонии» жобасы 2011 жылы VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» («Spotlight: New Kazakh Cinema»), үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алған болатын.

Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, «Берлинале Әлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба. 7 ақпанда 63-ші Берлин кинофестивалі өз жұмысын бастады.

Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» атты тырнақалды кинотуындысы аталған фестивальдің негізгі байқауына іріктеліп алынды. «Негізгі байқауға қатысатын кез келген фильмді құпияда қалдырады. 14 ақпанда БАҚ өкілдеріне арналған «Уроки Гармонии» фильмінің жабық көрсетілімі және фестивальге алдын ала тіркелген журналистермен баспасөз отырысы өтеді. Күннің екінші жартысында Берлинале орталық сарайында (Berlinale Palast) фильмнің алғашқы көрсетілімі болды. «Көптеген елдердің фильмдерімен жұмыс жасауда тәжірбиесі бар және осы салада барлық құқықтарды жақсы білетін Францияның FILMS DISTRIBUTION агенттігі «Уроки гармонии» фильмін әлемдік прокатқа шығарумен айналысатын болады»,- деді продюсер.

Продюсердің айтуынша, 2012 жылы FILMS DISTRIBUTION компаниясы ұсынған WAR WITCH фильмі Берлин кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесіне қол жеткізіп, «Оскар 2013» киножүлдесіне үміткерлердің тізімінен көрінді. Биыл Берлин кинофестиваліне қатысуға 3000-нан астам фильм ниет білдірген, олардың көбі – әлемдік және еуропалық кинопремьералар. Қазақстандық «Уроки гармонии» фильмі аталмыш фестивальдің негізгі конкурсына қатысатын Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон сынды көрнекті кинорежисслерлермен бірге бәйгеде бақ сынасады. 63-ші Берлин кинофестивалінің қазылар алқасының төрағалығына қытай режиссері Вонг Кар-Вай («Чунцин экспресі», «Махаббат көңіл күйі», «Ұлы өнерпаздар») тағайындалған.

Былтыр Берлин кинофестиваліне 450 000-нан астам адам қатысты, соның ішінде 4000-ға жуығы 86 елден арнайы келген журналистер болды. Ақпан айында «Жарасым дәрістері» картинасы қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесіне қол жеткізе алды. «Еуразия» кинофестивалінің негізгі мақсаттарының бірі – Еуропа және Азия елдерінің продюсерлері арасындағы байланысты нығайту. Биылғы жылы кинофестивальде киноқоры бойынша дөңгелек үстел өткізілмек. Ұйымдастырушысы – Берлин кинофестивалі жанындағы World Cinema Fund содиректоры Винченцо Буньо. Аталмыш киноқор фестивальдерде жүлделі орындарды иелеген жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Дөңгелек үстелге халықаралық жетекші киноқорлары мен Орта Азия және Қазақстан аумағында ынтымақтастық тәжірибесі бар продюсерлер қатысады.

Тәуелсіз Қазақстан кинофестивальдері:

1. ХКФ «Еуразия», 1998 жыл.
2. «Жаңа көзқарас» кинофестивалі, 1999 жыл.
3. ХКФ «Шәкен жұлдыз­да­ры», 2003 жыл.
4. «Дидар» Республикалық жастар кинофестивалі, 2006 жыл.
5. «Құлагер» Қазақстан Ұлттық кинематография кино­бай­қауы, 2007 жыл.
6. «Мо­бильный взгляд» кинофестивалі, 2008 жыл.
7. « Алтын Жебе» анимация фильмдер фестивалі, 2008 жыл.
8. «Астана экшн» кинофестивалі, 2010 жыл.
9. «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің халықаралық кинофестивалі 2011 жыл.
10. «Ер төстік» анимация фильмдер фестивалі 2011 жыл.

«Еуразия» кинофестивалі бүгінде әлем кинематографистерінің кәсіби алаңына айналып отыр. Кез-келген кинофестиваль сол елдің кинематография деңгейінің көрсеткіші. ҚР Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен отандық кинематография соңғы жылдардағы үлкен табыстарға қол жеткізе алды. Бұл – еліміздегі кино өндірісінің даму үрдісінің, ұлттық кинематографтың өскелең беделінің белгісі, - деді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев. Биыл, ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен жіберілген 170-тен астам кинотуындылардан 12 фильм ғана іріктеліп алынды, олардың қатарында: «Милая» (Италия, 2013), «Анри» (Франция, 2012) «Мои сестры» (Германия, 2013), «Ваджда» (Сауд Арабиясы, Германия, 2012), «Не беспокойся, Сара» (Иран, 2013), «Ило Ило» (Сингапур, 2013), «Цикл» (Түркия, 2012), «Стыд» (Ресей, 2013), «В цветении» (Грузия, 2013), «Страсть» (Қырғызстан, 2013), «Зарандуд» (Тәжікстан, 2013) және қазақстандық фильм – «Бауыр» (реж. С.Апрымов, 2013 – фильм Венеция кинофестивалінің бағдарламасына іріктеліп алынды). Айта кетсек, ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі халықаралық қазылар алқасының құрамымен өзгешеленбек.

Қазылар алқасына жаңазеландиялық жазушы және Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алған («Пианино») тұңғыш әйел кинорежиссер, сондай-ақ «Оскар» сыйлығы, Венеция кинофестивалінің «Күміс арыстан» жүлдесінің игері Джейн Кэмпион төрайымдық етпек. Сонымен қатар, қазылар құрамында Канн кинофестивалі сыйлығының иегері («Алтын пальма бұтағы» «Убой» фильмі үшін), белгілі азиялық кинорежиссер, оператор және продюсер Брильянте Мендос, арт-хаус жанры бойынша әлемдегі беделді продюсерлердің бірі, испандық продюсер, режиссер, актер және сценарист Луис Минарро, сондай-ақ белгілі американдық сценарист Дэвид Фрацони төрелік етпек.

Дэвид Фрацонидің сценарийі бойынша түсірілген «Гладиатор» фильмі «Оскар» сыйлығын бес номинация бойынша жеңіп алған. Халықаралық қазылар алқасының ең жас мүшесі 29 жастағы қазақстандық Эмир Байғазин. Фестиваль аясында дәстүрлі конкурстан тыс «Ортаазиялық панорама», «Шығыс-Батыс» (батыс кинорежиссері – Джейн Кэмпион және шығыс кинорежиссері – Брильянте Мендосаның ретроспективалары енгізілген) бағдарламалар ұсынылады. Сондай-ақ, World Cinema Fund, ресей киносының күндері және «Қарқынды дамушы қазақ киносы» бағдарламалары бар. Көрермендер халықаралық кинофестивальдердің жүлделеріне ие болған қазақстандық фильмдерді және режиссер Дәрежан Өмірбаевтың ретроспективалық фильмдерін тамашалай алады. ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өтетін тағы бір маңызды іс-шаралардың бірі – жас кинематографистерді қолдап, халықаралық ко-өнімдерін дамытуға бағытталған екінші «Қазақстандық киножобалар нарығы» («Казахстанский рынок кинопроектов» /«Spotlight: New Kazakh Cinema»). 2011 жылы өткен бірінші «Қазақстандық киножобалар нарығына» 60-тан астам өтінім келіп түскен болатын. Іріктеліп алынған 8 жобаның ішінен Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» жобасы үздік деп танылып, Бас жүлдеге –Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына қол жеткізе алды.

«Еуразия» кинофестивалі аясында әлемнің жетекші кинематографистерінің қатысуымен дәстүрлі шеберлік кластары ұйымдастырылады. Жас кинотанушылар үшін Францияның белгілі киносыншысы Мэтью Даррас шеберлік класын өткізеді. Даррас мырза Nisi Masa атты жас кинематографистерді қолдауды көздейтін Еуропалық желінің негізін құрушы және белгілі француздық Positif кинобаспасының тұрақты авторы, Канн және Сан-Себастяндегі кинофестивальдердің іріктеушісі. Оның шеберлік кластарына қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, жас кинотанушылар мен киносыншылар қатыса алады. Сондай-ақ, фестиваль аясында белгілі американдық сценарист, «Еуразия-2013» қазылар алқасының мүшесі Дэвид Фрацони сценарлық шеберлк кластарын өткізеді.

Шеберлік класына қатысушылар өнер саласында оқитын жоғары оқу орны студенттері мен кинематографистер арасынан арнайы іріктелініп алынады. Продюсерлік бойынша шеберлік кластарын американдық продюсер «300 спартанцев», «Александр», «Война Богов: Бессмертные» фильмдерін түсірген Джанни Нуннари өткізеді. 28 жастағы қазақ режиссері – Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» жобасы 2011 жылы VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алды. Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, «Берлинале Әлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба.

Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі — FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) регламентіне сәйкес жұмыс істейтін, әлемдік кинофестивальдар каталогына енген қазақстандық бірегей кинофестиваль болып табылады. 2012 жылы Ұлыбританияда шығарылған «International Film Guide» атты ақпараттық жинақ «Еуразия» кинофестивалін әлемдегі 35 озық кинофестивальдің тізіміне енгізді. «Еуразия» ХКФ-нің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады. Кинофестивальді ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Алматы қаласының әкімдігімен және Қазақстан Кинематографистер Одағымен бірлесе жүзеге асырады.

2013 жылы 19 қырүйекте Алматы қаласында IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде жас кинематографистерді қолдап, халықаралық ко-өнімдерін дамытуға бағытталған екінші «Қазақстандық киножобалар нарығы» («Казахстанский рынок кинопроектов» /«Spotlight: New Kazakh Cinema») атты кәсіби халықаралық бизнес алаңы өтеді. «Қазақстандық киножобалар нарығына» 60-тан астам өтініш келіп түскен болатын.

Іріктеліп алынған 8 жобаның ішінен Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» жобасы үздік деп танылып, Бас жүлдеге – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына қол жеткізе алды. Биыл, екінші «Қазақстандық киножобалар нарығына» қатысуға Еуропа мен Азияның кинобизнес саласындағы алдыңғы қатардағы мамандары келеді, олар: киноқорлар мен ірі ко-өнімі нарығының басшылары, танымал продюсерлер, сату бойынша агенттер мен дистрибьюторлар. Олардың басты мақсаты-жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан киноөндірісімен етене танысу және кейбір жобаларды бірге ұйымдастыру. «Қазақстандық киножобалар нарығының» ресми бағдарламасына 7-10 авторлық жоба іріктелініп алынады. Бұл жобаларды ашық тұсаукесер-питчинг кезінде оның режиссерлері, продюсерлері мен сценаристері таныстырады.

Сәрсембай Шырайлым Мақсұтқызы

B. ZHAQSYMBET