Кинодағы өтірік әрекеттер

Кинодағы өтірік әрекеттер
Фото: mainfun.ru

Кино көру адамның жанын сергітіп рахатқа бөлейтіні анық. Кейбір жандар өздеріне пайдалы дүниелер алу үшін көріп жатаса, өзгелері жаңа дүниелердің қалай жасалатынын байқап қана қоймай, өмірде пайдаланып жататын кездері де болады. Алайда, фильмдердің барлығына назар аударып, солай болатынына сенбеуіңіз керек. Өйткені, кейде киномотографтар көрерменді қызықтыру үшін құйтырқы әрекеттерге барады. Сондай мысалдарды назарларыңызға ұсынамыз.

Кинода: Хлороформ адамды бірден есінен тандырып, екі-үш сағатқа ұйықтатады. 
Шындығында: Егер адам хлороформнан есінен тану үшін кем дегенде 5 минут демалып тұруы қажет. 

Кинода: Жоғалған адамды полицияға ескерту үшін 24 сағат күту керек. 
Шындығында: Егер сіздің жақыныңыз туралы ешқандай хабар болмаса, онда бірден құқық қорғау орындарына ескерткеніңіз дұрыс. Өйткені кешігіп қалуыңыз да ғажап емес.

Кинода: Шетелдік фильмдерден көбіне басты рөлді сомдаған актерлардың екі тапаншамен бірдей оқ жаудырып жатқандығын жиі байқаймыз. 
Шындығында: Өмірде екі қарумен бір жерді дәлдеп тұрып ату мүмкін емес. 

Кинода: Суға батып бара жатқан адамның қолы биікке көтеріліп, жан дауысымен айғайға басады. 
Шындығында: Өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан адам қолын көтермек тұрмақ, айғайлауға шамасы келмейді.  

Кинода: Парашютпен секірген екі адамның бір-бірімен әуеде тілдесіп жатқанын байқайтын кездер болады.
Шындығында: Әуедегі қатты шудың әсерінен биікте тілдесуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан бұл да жәй ғана ойдан шығарылған дүние.

Кинода: Егер жүрек тоқтап қалған жағдайда дефибриллятордың көмегімен қайтадан қалпына келтіріп жатады.
Шындығында: Егер адамның жүрегі "істен шықса", дефибрилляторды пайдаланбайды. Пайдаланған жағдайда жүректі өртеп жіберуі мүмкін.

B. ZHAQSYMBET