«Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі жарыққа шығады

«Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі жарыққа шығады
Фото: adym.kz

Елімізде тұңғыш рет толықметражды анимациялық фильм жарыққа шықпақ. Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен қолға алынған жоба "Сақ" киностудиясының көмегімен аяғына жеткен. 19 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетілетін фильмді алдын ала көрген мамандар сапалы шыққанын айтты. Фильмде қазақ хандығының қайнар көзі саналатын Керей мен Жәнібек ер жетіп, Өзбек хандығынан бөлініп хандық құрғаны сипатталады. Талай соқпақты жолды бастан кешіріп, түбінде Керейді хан етіп көтерген қазақ елінің тарихи оқиғасын көруге асық жандар жетіп артылады. "Қазақ елі" деп аталатын фильмнің трейлері бұдан біраз уақыт бұрын дайын болды. Десе де, толықметражды жаңа анимациялық фильмнің қысқа нұсқасы былай баяндалады. 

B. ZHAQSYMBET