Жұлдыздар шайқасының кейіпкерлері тұңғыш рет қазақ тілінде сөйледі

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында, жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы және Астана қалаларында «MARWIN» компаниясының, Алматы әкімдігінің және «Жастар – Отанға!» жобасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы қазақ тіліне дубляждалған «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» («Звездные войны: Пробуждение силы» ) фантастикалық фильмінің тұсаукесерін ұйымдастырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Жаңа, қызықты эпизодтарға толы «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» атты фантастикалық фильм – дубляждау бойынша жобаны қолға алғаннан бастап қазақ тіліне аударылған он үшінші кино туынды болып есептеледі. Дубляждау жұмыстары еліміздің бас қаласы Астана қаласындағы «ArayМediaGroup» дыбыс жазу және дубляждау студиясында жүргізілген.

Жоба жетекшісі Абзал Бекмағанбетов былай деді: ««DISNEY» студиясының қоятын талаптары өте жоғары, алайда біздің компания өзінің жас екеніне қарамай жоғары кәсіби біліктілік межесінен көрініп, қазақ тіліндегі сапалы дубляжды іске асыра білді. Дублаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қызықты және есте қаларлық жағдайлар да көп болды. Мәселен, ҚР мәдениет қайраткері Бекболат Құрманғожаевқа 10 жылдан артық уақыт дыбыстап жүрген Хан Соло рөлі түскен. Мұнымен қатар, алғашқы көрсетіліміне қала әкімі Бауыржан Байбек те келіп, жобаны толығымен қолдайтындығын, оның қазақ тілін дамытуда маңызы зор екенін айтты. 

Дубляждың режисері Тимур Балымбетов үшін бұл «Галактика сақшылары» мен «Кек алушылар» картиналарынан кейінгі үшінші дублаждау жобасы болып отыр. Жоба туралы режиссер былай дейді: «Мен бұл жобаға үлкен ұстамдылықпен келдім, бұл жай ғана қатардағы фильм емес, адамзат онжылдық уақыт күткен атақты дастан».

Қазақ тіліндегі дублаждау жобасына 25-тен аса актерлар тартылған. Олардың ішінде: «Жұлдыздар шайқасы» картинасының басты кейіпкерлерін өздерінің дауыстары арқылы сөйлете білген Шахмұрат Ордабаев (Финн), Сауле Тұрдахунова (Рэй), Жасұлан Байсалбеков (Кайло Рэн), Бекболат Құрманғожаев (Хан Соло), Гүлназ Әуесбаева (Маз), Самат Қордабаев (По) сынды актерлар болды.

Фильмнің тұсаукесер шарасына «Болашақ» Қауымдастығының құрметті мүшелері, фильмнің бас демеушілері «Ordabasy group» ЖШС және «Южный центр» ЖШС, Қазақстанның мәдениет, қоғам қайраткерлері, іскери және саяси орта өкілдері қатысты. Сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері, блогерлер республикалық жастар ұйымдары, жоба серіктестері, БАҚ өкілдері және т.б қатысты.

Фильм туралы анықтама: Он үш жыл өткеннен кейін Дарта Вейдер және Галактика Императоры қайтыс болғаннан соң әлем тағы да қауіпті сәтпен бетпе-бет келеді. Сноук және оның оң қолы Кайло Рен, өздерінің құпия басшыларымен бірге әлемге жаңа қожайындық тәртіптер енгізу үшін Империяға қарсы соғысқа аттанды. Осындай қиын-қыстау кезіңде жас бойжеткен Рей мен Жаңа әлем әміршісінің бұрынғы шабуылудаушысы Финнің, Империямен соғыста атақтары шыққан— Хан Соло, Чубакк және Леей Органдардың тағдырлары түйіседі. Олар күш жұмылдыра отырып Жаңа билеушіге қарсы соғыс ашуы тиіс. Шектен тыс күш пен билікке ие Сноук және Кайло Ренді тоқтату қиынға соғады. Галактикада олардың біреуі ғана тірі қалуы керек...