Тимур Бекмамбетов тағы да бір фантастикалық фильмді қолға алды

Әлемге танымал қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов пен оның BAZELEVS компаниясы жаңажобаның түсірілім жұмыстарын өткен жылы бастап кеткен болатын. Сергей мен Марина Дяченколардың романы желісі бойынша түсіріліп жатқан сонау фильм "Айдаһарлар" ("Драконы") деп аталады. Режиссердің айтуынша бұл фильм бюджеті жағынан жоғары сапалы фильм болмақ, - деп хабарлайды Вaq.kz

Фильмнің сюжеті махаббат пен түрлі оқиғаларғатолы түсірілген. Туындыда көбіне компьютерлік графика қолданылған көрінеді. Фильмнің режиссері - Индар Джендубаев. Бұл фильм жас режиссердің ең алғашқы жобасы. Басты рөлдерді әлі таныла қоймаған актерлер ресейлік Матвей Лыков пен Мария Поезжаева сомдайды. Түсірілім жұмыстары Мәскеу қаласында, Қара Теңіз жағалауында және Болгария елінде өтуде.

Айта кетейік, Тимур Бекмамбетов Сергей Лукьяненконың "Ночной дозор" және "Дневной дозор" аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильммен көпшілік танылған болатын.

Одан кейін Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кино бизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.

Ал, 2008 жылы әлемдік прокатқа "Особо опасен" фильмін түсіріп, алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Тимур Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды.

Айта кетейік, "Айдаһарлар" фильмнің тұсаукесері 2015 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.