Стив Джобс туралы жаңа фильмнің трейлері шықты (видео)

Стив Джобс туралы жаңа фильмнің трейлері шықты (видео)
Фото: www.cultofmac.com

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс туралы жаңа фильм әлемдік прокатқа шығады. Белгілі голливудтық сценарист Аарон Соркиннің бастамасымен түсіріліп жатқан фильмнің алғашқы трейлері жарияланды.

Apple басшысының рөлін Майкл Фассбендер есімді актер ойнайды. Осыған дейін бұл ақпарат ресми расталмаған болатын. Әзірге фильмнің үзіндісінен көп ақпарат білу мүмкін емес. Тек трейлердің соңына қарай белгілі тұлғалардың бейнесін көреміз. Айта кетсек, Джоанна Хоффман рөлінде Кейт Уинслет, Стив Вознякты Сет Роген және Джон Скалли бейнесін Джеф Дэниелс сомдайтын болады.

Стив Джобстың рөліне Майкл Фассбендердің тандалуы Apple қызметкерлері тарапынан ғана емес, кино өндірісі өкілдері жағынан да біраз сынға алынды. Бастапқыда бұл актердің басты назарға алынуына Аарон Соркин де қарсы болған екен. Дегенмен, Стив Джобс рөлінің Фассбендерге берілуін фильм режиссері Дэнни Бойл мақұлдаған. 

Ұқсас жазбалар: 

"Трансформерлердің" жалғасы 2017 жылы шығады

Саят Исембаев "Рэкетир-2" фильмінің басты жаңалықтарымен бөлісті (видео)

Ж. Өрісбай