"Оскар - 2016" жүлдесінің марапаттау рәсімі қай уақытта өтеді?

"Оскар - 2016" жүлдесінің марапаттау рәсімі қай уақытта өтеді?

Америкалық Киноакадемия Оскар жүлдесінің 88, 89 және 90-марапаттау рәсімінің мерзімін жария етті.

Ресми мәлімдеме бойынша "Оскар - 2016" 2016 жылдың 28 ақпанында, "Оскар - 2017" 2017 жылдың 26 ақпанында, ал "Оскар - 2018" 2018 жылдың 4 наурызында өтеді.

Сондай-ақ, 2016 жылғы марапаттау рәсімінің жұмыс графигі де белгіленді. 2015 жылдың 14 қараша күні арнайы мақтау жүлдесінің марапаттау рәсімі өтеді. 2016 жылдың 8 қаңтарында Киноакадемия мүшелері үшін дауыс беру басталып, 14 ақпанға дейін жалғасады. 2016 жылдың 8 ақпанында жүлдегерлердің тізімі ресми таныстырылып, 12 ақпан күні үміткерлердің құрметіне салтанатты қабылдау өтеді. Дауыс берудің соңғы кезеңі 28 ақпан күні аяқталады.

Шоуды кім жүргізетіні әлі белгісіз. 2015 жылғы марапаттау рәсімін Нил Патрик Харрис атты танымал голливуд актері өткізген болатын. Актер көрермен көңілінен шығуға тырысқанымен "Оскар - 2015" телекөрсетілімінің рейтингі алты жылғы минимумға дейін түсіп кетті. Шоуды 36,8 америкалық көрермен көрген еді. Ал өткен жылғы рейтингке қарағанда бұл жолы 16 пайызға төмен көрсеткіш болды, себебі 2014 жылы марапаттауды 43,7 миллион көрермен көрген болатын. Ал келесі жылы қалай болары белгісіз.

Сурет: kinopoisk.ru

Ұқсас жазба:

"Фреддидің 5 түні" ойынының негізінде фильм түсіріледі

Ф. Абилова