Қазақстандық «Иелер» атты фильмінің көрсетілімі өтеді

Қазақстандық «Иелер» атты фильмінің көрсетілімі өтеді

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Иелер» атты фильмінің көрсетілімі 11 желтоқсанда өтеді.

Бұл фильм «шынайы, көңілді және батылдығы үшін» «Киношок» фестивалінде жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Кан, Пусан, Минск, Торонто, Словакия және Голландия фестивальдеріне қатысқан. Алайда елімізде прокатқа шықпаған еді.

Фильмнің сюжеті қарапайым әрі шынайы суреттелген: қамқорсыз қалған үш бала мұра болып қалған үйге көшеді, алайда ол үйге жергілікті полиция өкілінің туыстары да таласады.

Киноның көрсетілімі 11 желтоқсан күні сағат 18.30-да «Цезарь» кинотеатрында өтеді.

Сурет: liter.kz

Ф. Абилова