Эштон Кутчер уақытша кинодан кетті

Ғашығы актриса Мила Куниспен тұңғышының өмірге келуін күтіп жүрген 36 жастағы голливудтық актер Эштон Кутчер киномансабында үзіліс жасап, мобильдік технологиялармен айналыспақ, деп хабарлайды Radar Online.

«Кутчер "Екі жарты адам" телехикаясындағы түсірілімі аяқталып келе жатқанына қуанышты. Алда оны ешқандай жобалар күтіп тұрған жоқ, сол себепті ол өзінің сүйікті ісі – мобильді технологиялармен айналысуды жоспарлап отыр», – деп актерге жақын ақпарат көзі хабарлады.

Актер бұл салада да біраз жетістіктерге жеткен. Ол бұған дейін $200 млн инвестиция құйып, табыс тапқаны айтылады. «Эштонның Стив Джобсты ойнау себебі де сол, ол Джобс жасағанды жасап шығаруды көздеді, тек мобильді технологиялар саласында, - деп қосты инсейдер. – Ол ешқашан өзін жоғары дәрежелі актермін деп есептеген емес және атақты болуға ұмтылмады. Эштон өмір бойы қол ұстасып өтетін жартысын табу үшін ғана актер болғанына сенімді».

Дереккөзге сенсек, Мила мен Эштон үш немесе төрт бала сүюді армандайды және көп уақытын олардың тәрбиесіне арнауды жөн көреді. 

Сурет: www.tele.ru

Дайындаған: Диана Мамытбекова