- Негізгі бет
- Кино
- 100 жылдан кейін...
100 жылдан кейін ғана көруге болатын фильм түсірілді
Фото:
tengrinews
Режиссер Роберт Родригес пен актер Джон Малкович 100 жылдан кейін ғана көруге болатын фильм түсірді, − деп хабарлайды Variety басылымы.
Басылымның мәліметінше, бұл фильмді 2115 жылы 18 қарашада көруге болады. Олар оны арнайы капсулаға салып, Франциядағы Людовик XIII-нің үйіндегі қоймаға сақтап қойған. Жобаға Louis XIII бренді тапсырыс берген.
"Лента сюжетінің егжей-тегжейі жарияланған жоқ, бірақ онда болашақ туралы жасалған түрлі болжамдардың баяндалатыны белгілі. Фильмді түсірушілер YouTube желісіне оның үш тизерін жариялады", − делінген жарияланымда.
Айта кетейік, фильммен бірге металл билеттер шығарылды. Оған қол жеткізген адамдардың ұрпақтары кейін сол фильмді көре алады.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін