Counter-Strike 1.6 ойынын енді браузерде ойнауға болады
![Counter-Strike 1.6 ойынын енді браузерде ойнауға болады](/userdata/news/news_62447/image_l.jpg)
2000 жылы жарыққа шыққан Counter-Strike 1.6 ойынын енді браузерде онлайн ойнауға болады. Мұндай мүмкіндік CS-ONLINE.CLUB сайтында пайда болды.
Ойынға бірінші рет қосылғанда ойын ұзақ жүктеледі. Мұнда de_dust2 және cs_assault7 сияқты танымал карталар бар. Ойнау үшін сайтқа тіркеліп немесе ақы төлеудің қажеті жоқ.
Ойында ескі модельдер қолданылған, сондықтан бұл Counter-Strike-тың 1.5-нұсқасына ұқсас.
Бұл материал жазылып жатқанда ойында 966 қолданушы онлайн болды. Кездейсоқ ойыншымен ойнағысы келмейтіндер жеке сервер жалдауына болады, бірақ бұл функция ақылы.