Спиннердің қазақша түрі шықты

ХХІ ғасырда жаңадан шыққан кез келген дүниеге жаңалық деп қарайтын болдық. Соның бірі жақында ғана шыққан "спиннер" айналмалы ойыншығы. Аталған зат адамның жүйке жүйесін тыныштандырып әсер етеді дейді. Қоғамда үлкен сұранысқа ие болып үлгерген бұл спиннердің ендігі жерде қазақ оюымен апталған, қошқар мүйізді түрлі шыға бастады. Ермек қылуға таптырмас заттың отандық түрін пайдаланып көріңіз.