- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Америкалық ғарышкердің әзіл...
Америкалық ғарышкердің әзіл әрекеті
Оуэн Гарриот есімді ғарышкер 1973 жылы «Скайлэб» экипажымен орбиталық станцияда қызмет еткен. Оуэн ұшар алдында жарын сағынбау үшін оның дауысын диктофонға жазып алады. Бір күні Жермен байланысқа шығудан бұрын, оның ойына әзілдеп алдау келеді. Оуэн байланыс тетігіне диктофонды жақындатып қосады. Сол кезде Жерден Роберт Криппен есімді офицер байланысқа шыққан болатын. Ендеше диалогқа назар аударсақ:
- «Скайлэб», бұл Хьюстон, естіліп тұр ма?
- Қайырлы күн, Хьюстон, «Скайлэб» тыңдап тұр, — деген әйел дауысы тіл қатады.
Жердегі офицер аң-таң болып отырады да, сосын:
- Байланыста тұрған кім?
- Боб, бұл Хелен, Оуэннің жұбайы.
Офицер Криппен біршама уақыт үнсіз отырады. Не болып жатқанын тағы да анықтау үшін былай дейді:
- Сен ол жақта не істеп жатырсың?
- Мұнда жігіттерге түскі ас әзірлеп берейін дегенмін. Дәмді үй тағамын, — дейді Хелен.
Боб бір минуттай үнсіз отырып, сосын байланыс үзіліп кетеді. Мүмкін, офицер өз құлақтарына сене алмаған болар.
Сурет: airandspace.si.edu
Оқи отырыңыз:
Вояджер – ғаламдағы ең жылдам ғарыш аппараты
Еуропадағы ең алғашқы ғарыш айлағы Ұлыбританияда құрылады
Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда
АҚШ-тың әскери спутнигі орбитада жарылып кетті
Ж. Өрісбай