Бұл белгі не үшін керек?

Бұл белгі не үшін керек?
Фото: rosregistr.ru

Жолда келе жатып алдыңғы көліктің артқы терезесінде тұрған суреттегі белгіге көзіңіз түскен болар. Бұл ненің белгісі? Не үшін керек? Маңызы қандай? 

Дөңгелек бүртабаны (шипы) дегеніміз сол көліктің дөңгелегінде бүртабан барын ескертеді. Бүртабан салдырған көліктердің шорт тоқтау қауіпі бар, сондықтан артта келе жатқан көлікке ескерту үшін бұл белгіні жабыстырып алу міндетті. Оның үстіне осы белгіде кетіп бара жатқан көлікке жақын жүрсеңіз, бүртабан астынан тас ұшқындары ұшып, терезеңізді не көлік бетін зақымдауы мүмкін. 

Дөңгелегіңіз бүртабан болса, бірақ сіздің көлікте бұл белгі болмаса жауаптан құтылып кетемін деп ойламаңыз. «Жол жүру ережсіне» сай заңнама негізінде шығын төлеп қана қоймай, көлігіңізді тоқтатуға тура келеді. Ескерте кету керек егер сіз бұл жағдайға бірінші рет тап болып отырсаңыз, жол полициясы қызметкері тарапынан алғашқы қатаң ескерту ғана алуыңыз мүмкін. 

Дөңгелек бүртабан белгісін кез келген көлік құралдарын сататын дүкеннен не арнайы орыннан сатып ала аласыз. 

Жолда абайлап жүріңіз! 

М. Ақан