Ұлағатты тағылым: самурай сөзі

Ұлағатты тағылым: самурай сөзі
Фото: Два.ч

Жапония – күннің шығуын ең бірінші қарсы алатын және сакура гүлдейтін ел. Елдің іші толған береке мен бірлік. Табиғатының сұлулығы өз алдына. Әдебиетін соғыспен тікелей байланыстыратын елдің самурай туралы көзқарасы өте ерекше.
Ұлағатты тағылым алуға сай әрі үлгі тұтарлық елдің самурайлары айтып кеткен ең керемет серт сөздердің топтамасын ұсынып отырмыз.

Адамға ойыңды білдірмес бұрын ол оны қабылдауға дайын ба, соны біл.

Қателікті дер түзеу жасау керек. Ол ұмытылып кетсе қасірет.

Біліп тұрсаң да сұрау – сыйластықтың белгісі. Білмей тұрып сұрау – қажеттілік.

Адам "қазір" мен "дәл осы сәт"-тің бір мағыналас екенін түсінбесе оның тұлғалық болмысы жоқ.

Бір күн қалғандай өмір сүріңіз. Ертең де бір-ақ күн бар.

Әрбір сөзді өзіңе қарата сұрақ түрінде айт, оның шын әлде өтірік екенін дәлелде.

Адам баласына қанша жерден қателесуі мүмкін екендігін түсіну бағы бұйырмаған.

Қасірет адамға: болшаққа сеніп, өтірік айта бастағанда, тойлатып жүріп маңызды іске қол сілтеген күннен бастап, жұмыстың бәрін ертең тындырамын деген сәттен бастап келеді.

Егер сен бір істі жетер жеріне жеткізіп тындыра алсаң, қалған сегіз істің қақпасы ашылады.

Бір-ақ ауыз сөз сенің мықты не әлсіз екенің хақында хабар бере алады.

Адамның ең басты сыртқы бейнесі – келбеті, жазу үлгісі және сөйлеуі.

Егер сен жинақы жүрмесең жауың сенді күнде табалайтын болады.

М. Ақан