Аммиак ерітіндісін тұрмыста пайдаланыңыз

Аммиак ерітіндісін тұрмыста пайдаланыңыз
Фото: liveinternet.ru

1. Терезеңізді сүртіңіз

1 ас қасық мұсатыр спиртін 1 литр сумен араластырып, оған жұмсақ қағаз немесе газет малып, терезеңізді сүртіңіз.

2. Жұмсақ теріден жасалған (замшевый) киім-кешектеріңізді тазартыңыз. 

Мұсатыр спиртінің жартысын 2 литр сумен араластырып, киіміңізді мақтамен тазалаңыз. Кірлеген сайын суыңызды ауыстырып тұру керектігін ұмытпаңыз. 

3. Үтігіңізді тазалаңыз. 

Спирттің бір бөлігі мен 1 шай қасық сірке суын араластырыңыз. Кейін қоспаны жұмсақ шүберекке тамызып, үтігіңізді тазаласаңыз болады. 

4. Кілемдеріңіз бен жиһаздарыңыздағы дақтардан құтылыңыз. 

3 ас қасық мұсатыр спиртіне 1 литр таза су қосып, арнайы ысқышпен жуыңыз. 

5. Құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей шағып алса. 

Шаққан жерге мұқият мұсатыр спиртін жағып, 5-10 минут күтсеңіз, ісігі қайтып, ауырғаны басылады.

Ж. Исакаев