164 ержүрек көкте самғады (Видео)

Чикагода 164 парашютші көкте самғап, фигура шығарудан әлемдік рекорд орнатқан. Кәсіби және әуесқой парашютшілер жеті ұшаққа теңдей бөлінген де, 5800 метр биіктікке дейін көтерілген. 


"Бұл бір басқатырғыш секілді: бар болғаны адамдар тиісті орнында ұшулары тиіс" дейді қатысушылар. Олар ұшақтан секірген бойда тез арада бір фигура шығарулары керек. Оған қоса, олардың құлау жылдамдығы 280 км/сағ. Бұған қарамастан, жүрек жұтқан парашютшілер 2012 жылы 138 парашютшілердің рекордын жаңартқан.