Жаттықтырушы шәкіртін "өлімнен" құтқарып қалды

Жаттықтырушы шәкіртін "өлімнен" құтқарып қалды
Фото: kazanfirst.ru

Спорт әліппесін алғаш таныстырған жаттықтырушы, "А" деген жазуды үйреткен алғашқы ұстаздан бірде-бір кем емес. Тіпті, кейде асқан қамқорлығына қарап, ата-анаңдай құрметтейсің. Олар да өз кезегінде бауырына басып, алдына келген бала шәкірттен дана чемпион жасауға барын салады. Сүрініп жатса мұңайып, ал болмашы жетістігіңе балаша қуанады. Бүгін міне осының бір дәлелі ретінде назарларыңызға мына видеоны ұсынамыз. Мұнда, жарыс үстінде жаттықтырушының италиялық жас гимнасттың (шәкірті) жанын сақтап қалғанының куәгері боласыз. Нағыз бапкер "тұлпарының" сүрінер жерін дәл тауып, дер кезінде қол ұшын созды...

Е. Жұмабайұлы