ҰБТ материалдарын 100% меңгергіңіз келсе #2

ҰБТ материалдарын 100% меңгергіңіз келсе #2

Көп ақпаратты дұрыс игеру тәсілін білмейтін адамдар "Менің есте сақтау қабілетім нашар" деп айтады. Ағылшынша 20 сөз жаттау, диплом қорғау, көлік ережесін білу үшін әдетте классикалық тәсілдерге жүгінеміз. Ол классикалық тәсілдер – кітапты жастықтың астына қою, бір абзац жатталмайынша бірнеше мәрте қайталау, айналамыздағы бос кеңістікке қағаз жабыстыру. Көп жағдайда бұл тәсілдердің пайдасы болмай жатады. "Productivity Lessons" блогының авторы Марк Шид«Есте сақтау қабілетім нашар екен деп қол қусырудың қажеті жоқ», - дейді. Осыған орай ақпаратты игеруге көмектесетін ең нәтижелі тәсілдерді ұсынамыз.

♦ Өзіңізге құлақ асыңыз. Мәтінді оқып отырғаныңызды диктофонға жазып, артынша дәл сол ақпаратты ұйықтар алдында тыңдаңыз. Бұл – бұған дейін меңгерілсе де, ұмыт болған ақпаратты жадымызда қайта жаңғыртатын тәсіл.

♦ Үнемі қозғалыста болыңыз. Кітаптағы ақпаратты бөлме ішін айналып жүріп жаттаңыз. Жүрген кезде мидың қызметі мен есте сақтау қабілетіміз жақсарады.

♦ Мекенді өзгертіңіз. Егер бір түн ішінде 2 экзаменге дайындалу керек болсаңыз, әрқайсысына әртүрлі бөлмеде дайындалыңыз. Түрлі кеңістікте қабылдайтын ақпаратымыз бір-бірімен араласпайды.

♦ Сөздерді қысқартыңыз. Бұл – өлең мен баяндаманы жаттауға арналған тәсіл. Алдымен сөздің тек бірінші әріптерін жазу арқылы мәтінді көшіріп алыңыз. Артынша сол бастапқы әріптеріне қарап мәтінді толығымен еске түсіріңіз. Мұндай шпаргалканы кез келген жерде өзімізбен бірге алып жүре аламыз.

♦ Ұйқыңыз тыныш болсын. Ақпаратты жадыңызда ұзақ уақыт бойы сақтағыңыз келсе, оны игерген соң бірден ұйықтаңыз. Ал ұйқысыз түндер керісінше есте сақтау қабілетін нашарлатады. Мұнымен қатар, ҰБТ-ға 2-3 сағат қалған кезде материал оқудың қажеті жоқ.

♦ Спортпен айналысыңыз. Осы күнге дейін бұл тақырыпқа байланысты түрлі зерттеу жүргізілді. Мамандардың анықтауынша, аэробикамен айналысу арқылы есте сақтау қабілетіміз бен қан айналымымызды жақсарта аламыз.

Сурет: baq.kz

Оқи отырыңыз:

ҰБТ материалдарын 100% меңгергіңіз келсе

Әлем мектептері туралы қызықты деректер

Оқушы психологиясын сурет түсіне қарап анықтауға болады

Оқушы қыздар несімен сұлу?


Қ. Бүйенбай