- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ: Дұрыс жауап...
ҰБТ: Дұрыс жауап таңдау #2
Ұлттық бірыңғай тестілеуде келетін сұрақтарға жауап беруде белгілі заңдылықтар бар. Үнемі дәл солай орындалып отырмағанымен, көп жағдайда көмегі тиеді.
17 сұрақ: Диалект сөзге тән ерекшелікті табыңыз.
А) Ғылым мен техника дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер
В) Өзге тілден енген сөздер
С) Белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер;
Д) Тура айтуға тыйым салғандықтан, бұрмалап аталған сөздер
Е) Белгілі бір аймақта ғана тек ауыз екі тілде қолданылатын сөздер
Жоғарыдайғыдай сұрақ келсе, «а» нұсқасы – термин сөздер еді, өзге тілден енгенді кірме сөздер дейміз, ал «с» нұсқасы да термин сөздерге келеді, ауылдағы жеңгелеріміздің тыйым салынған сөздерді, атымызды тергеп айтуын, тауып айтатындықтан «Табу» деуші едік, ендеше, «е» нұсқасы болар деген секілді логикаға салып, әрі әр нұсқаның жауабын шеше отырып табуға болады.
4. Жауабында цифрлар берілсе, көбіне үлкеннен кішіге дейін беріліп, дұрыс жауап ортасында тұруы мүмкін. Мысалы, Ұлы Отан Соғысы қай жылы басталды?
А) 1931
В) 1941
С) 1945
Д) 1922
Е) 1955
Сандарды кішіден үлкенге дейін алып қарасақ, 1922, 1931, 1941, 1945, 1955. 22 мен 31 – 41-ден кіші, 45 пен 55 – 41-ден үлкен, осылай дұрыс жауап ортасындағы сан болуы мүмкін.
5. Кейде сұрақтың дұрыс жауабы ұзақ сөйлеммен беріліп, қалған бұрыс жауаптар қысқа қайырылады. Нұсқаларды оқығанда алдымен ұзақ сөйлемді нұсқадан бастап оқысаңыз қателеспессіз.
Хабарлы сөйлем деген не?
А) Тыңдаушыға әсерлі сөйлем
В) Кісінің күйін анықтауға жауап күтетін сөз тіркесі
С) Сұрай айтылған сөз
Д) көңіл-күйді білдіретін тіркес
Е) Белгілі бір ойды екінші біреуге жай баяндау мақсатында айтылған сөйлем.
Көріп отырғаныңыздай, сұрақ «сөйлем» туралы болды. Ал жауап нұсқалары «сөз тіркесі», «сөз», «тіркес» деп аяқталды, осыған мән беріңіз. Сонда бізге «сөйлем» деп аяқталатын «а» және «е» жауабы ғана қалады, екінің бірін таңдауымыз керек. Осылай сұрақтың әр сөзіне зейін қоя оқысаңыз жауабын табу аса қиынға соқпайды. Тек берілген заңдылықтар қатып қалған қағида емес екенін, кейде ауысып келуі мүмкін екенін естен шығармағайсыз.
@. @assel_assanova