Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Логика пәнінен емтихан уақыты

Логика пәнінен емтихан уақыты

Логика пәнінен емтихан уақыты

Профессор:

– Ұшып бара жатқан тікұшақта 500 кірпіш бар. Оның біреуі жерге құлап түсті. Тікұшақта неше кірпіш қалды?

Студент:

– Енді, әрине, 499 қалады!

– Дұрыс. Келесі сұрақ: пілді тоңазытқышқа 3 қадаммен қалай кіргізсе болады?

– Бірінші – ашасың, екінші – пілді саласың, үшінші – тоңазытқышты жабасың.

– Жақсы... Ал бұғыны ше? Оны 4 қадаммен қалай кіргіземіз?

– Бірінші – ашасың, екінші – пілді шығарасың, үшінші – бұғыны саласың, төртінші - тоңазытқышты жабасың.

– Тамаша! Аң патшасы арыстанның туған күні өтіп жатыр. Оны құттықтауға барлық жануар келеді, тек біреуі ғана келмей қалады? Неліктен?

– Ағай, неткен қарапайым сұрақ?! Бұғы сол баяғы тоңазытқышта қамалып жатыр ғой?

– Керемет! Ары қарай жүрейік. Әже қолтырауын мекендейтін саз балшықтан өте ала ма?

– Әрине, өте алады. Себебі қолтырауынның барлығы арыстанның туған күнін тойлап жатыр.

– Жарайсың! Ал енді ең соңғы сұраққа да келіп жеттік. Әже саз балшықтан аман-есен өтеді, бірақ сонда да өліп қалады? Оған не болды?

– М- м-м... Мүмкін апа балшыққа батып кеткен шығар?

– Жоқ, олай емес, оның басына кірпіш құлап кетті. Барлығың емтиханды қайта тапсырасыңдар!

Фото: blog.sinocom
Қосылған күні: 26 мамыр 2015, 18:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.