ЖОО-да бағалау жүйесі қандай? #2

ЖОО-да бағалау жүйесі қандай? #2
Фото: Досжан Балабекұлы

Басы

Кей ЖОО-да аралық бақылау рейтинг деп аталатынынан хабардарсыз. Рейтингтік жүйеде 100 балды әр аптада бөліп жинамайсыз. Бір сабақ сайын максималды 100 ұпай қойылады. Мысалы, бірінші рейтингте мынадай балдар алдыңыз деп есептейік:

1-апта: 98 балл;

2-апта: 96 балл;

3-апта: 90 балл;

4-апта: 0 балл;

5-апта: 89 балл;

6-апта: 95 балл;

7-апта: 98 балл. Рейтингте осы 7 аптада алған балыңыздың арифметикалық ортасы шығарылады. Барлық балдар қосылып, 7-ге (апта санына) бөлінеді. 556:7=80.8. Қорытынды 80 ұпай төрттік баға болып есептеледі. Төртінші аптада балл ала алмаған және бесінші аптада төрттік бағамен есептелетін (89) балл алған себепті, бестік баға алуға 10 балл жетпей қалды. Кей пәндерден тапсырма орындауда өзіндік жұмысқа бөлек, зертханалық сабаққа бөлек балл қойылады. Демек, 7 аптада 100 балдың әлденешеуін аласыз деген сөз, мұнда да солай арифметикалық ортасын шығарады. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), зертханалық сабақтар жөнінде келесі материалдарымыздан түсінік аласыздар.

GPA деген ұғым бар, оны компьютер не мамандар өздері есептеп шығарады, бағаңыз 100 балл болса, GPA көрсеткіші максималды 4-ке тең болуы керек. Білім көрсеткішін есептеуде қай студенттің ең жоғары білімге ие екенін анықтау үшін жасалған жүйе, оған бас қатырмай-ақ қойыңыз.

Жазылған жүйені дұрыс ұға алмасаңыз, қам жемеңіз. Басыңыздан өткенде өздігінен түсінікті болады. Тек әр аптада максималды балл алып үлгермесеңіз, 7-аптадан кейін қорытынды бағаңыз өте жақсы болмайтынын ескерсеңіз болды.

@. @assel_assanova