- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Асығыс болсаң, ақырын...
Асығыс болсаң, ақырын баста: Емтиханды қалай табысты тапсыруға болады?
Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Сондықтан емтиханға психологиялық дайындық қажет. Ол емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды. Емтиханға дайындық кезінде өзіңізге сенуіңіз керек. Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, үрей де артады.
Егер сіз ішіңізден: «Менің есте сақтау қабілетім нашар», «Мен математикадан нашармын», «Мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын» деп ойласаңыз, жүйке орталығыңызға берген бұйрығыңыз әлсіз болады. Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз.
Педагог кеңестері
І кезең. «Білу» және «білмеу» деңгейіңізді анықтаңыз. Барлығын қайталап, уақыт кетіру орнына, нені білмейсіз соған уақытты көбірек бөліңіз.
ІІ кезең. Қайталау жоспарын құрыңыз. Емтиханға дайындықты екі ай бұрын бастау керек. Ұмытылған пәндерді үш апта қайталаған дұрыс. Емтиханға бір апта қалғанда жоспарды, қайталау кезінде жазған конспектіні көруді ұмытпаңыз.
ІІІ кезең. Емтиханға бір күн қалғанда, ештеңені қайталама, жаттама!!! Білім басыңызда орнығу үшін кем дегенде бір күн керек.
Емтиханға және күнделікті сабаққа дайындалу арасында қандай айырмашылық бар?
1 — Есіңізде сабақ оқыған кезге қарағанда, материалдар көлемі үлкен болады.
2 — Бұл материал жөнінде мұғалім сізден сұрамайды, сіз өз бетіңізбен істейсіз.
3 — Жаңа нәрсені оқымайсыз, қайталайсыз. Бір кездері оқығанды еске түсіресіз.
4 — Егер бір нәрсе түсінбесеңіз, сыныпта түсіну үшін мүмкіндік бар.
Психолог кеңестері
Жалпы ереже: Емтиханға жарысқа келген спортшыдай келу керек. Басқаша айтсақ: емтихан тапсыру кезінде «спортшының» миы ең жоғарғы өнімділікпен жұмыс істеуі қажет. Білетін нәрсенің үштен бір бөлігін ғана қолданатын кездер болады! Неліктен?
Жақсы дайындалып, орташа тапсыруға болады, онша емес дайындалып, өте жақсы тапсыруға болады. Бұл сәттілік қана емес, емтихан тапсыру барысындағы мидың жай-күйі. Емтиханға тынығып келуіңіз керек. Егер материалды соңғы секундқа дейін қайталасам, көп білемін деп ойласаңыз – қателесесіз! Емтихан алдындағы тапсырам ба, әлде тапсыра алмаймын ба деген қорқыныш кедергі болады. Егер өз күшіңізге сене алатын адам болсаңыз, қорқыныш аса кедергі болмайды.
Емтихан күндерінде ағза мен ми ең жақсы күйде болу үшін не істеу керек?
1 — Емтиханға бір күн қалғанда зияткерлік жұмыспен айналыспаңыз. Таза ауада дем алыңыз. Кешке кино, бірақ тек комедия көруге рұқсат! Дау-жанжалдан аулақ болыңыз.
2 — Емтихан алдында, түнде, конспект қайталауға бір сағатыңызды арнаңыз. Дұрыс білмеймін деген негізгі пунктерді қараңыз.
3 — Емтихан күні ұйқыңыз қанып тұруы керек. Емтиханға ерте келмеңіз, 15 минут жеткілікті. Әйтпесе, көп толқып қоясыз.
4 — Бірінші болып тапсырыңыз. Емиханды көп күту, психологиялық түрде жалықтырады.
5 — Емтиханға конспектіңізді өзіңізбен бірге алып баруды ұмытпаңыз. Көшіріп жазу үшін емес, өзіңізді қорғанды сезіну үшін.