Бүгін – халықаралық жастар күні

Бүгін – халықаралық жастар күні
Фото: http://belive.ru

Жастық шақ - балалықтан аттап, үлкен өмірге аяқ басатын адамзаттың шектеулі әрі шешуші уақыты. Ғылыми зерттеуге сүйенсек жасөспірім шақтан соң мен мұндалап келетін жастық шақтың жас шектеуі 16-дан бастап 24-ке дейінгі аралықты құрайды.

Әлем бойынша жастық шақты басынан кешіп жатқан жандардың саны 1 миллиардқа жуық. Олардың басым көпшілігі еңбек етуге қауқарлы.

Жастық шақты қалай өткізу керек?

Бұл шақ – таңдаулардың үлкен мүмкіндігі туатын сәт. Арманыңыз бен мақсатыңызға бет бұрасыз.  Сол үшін жоспар құрып, арманның жетегіне ересіз. Сіз үшін алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ сияқты болады. Яғни, бұл албырт шақ. Бұл уақытта жіберген кез келген қателігіңіз – өмірлік тәжірибе.

Жастық шақтан уысыңыздан нені шығарып алуға болмайды?

Әрине, мүмкіндікті. Бұл кезеңде адам бойында күш-қуат та, үйренуге деген құштарлық та тасып тұрады. «Жаспыз» ғой деген алдамшы ойлардың санаңыздан шығарып, ойыңызды дамытыңыз.

Неге жастарға көңіл көбірек бөлінеді?

Өйткені, елдің болашағы жастардың қолында. Олардың еңбек ету мүмкіндігі, білім деңгейі, тәрбие өлшемі келешектің ірге тасын қалайды.

Жастардың қолынан не келеді?

Талпынсаңыз, бәрі келеді. Жасыңыз 20-ға келсе де, әлі күнге нені жаныңыз қалайтынын білмесеңіз, болашақта алдыңыздан қиындықтар күтетіні сөзсіз. Әрине, 24 келіп жастық шақ аяқталып қалмайды. Бірақ, орта буынның қатарына еніп кетесіз де, сіздің бойыңыздағы өзіңізге деген күшті енді отбасыңызға, бауырларыңызға жұмсай бастайсыз.

Жастық шағыңызды текке өткізіп алмаңыз!

Т. Есқали