ҰБТ-2017-де бір сұрақтың екі дұрыс жауабы болатыны рас па?

ҰБТ-2017-де бір сұрақтың екі дұрыс жауабы болатыны рас па?
Фото: vk.com

ҰБТ 2017 жылы толық өзгерді. Жаңа формат бойынша, түлектер енді екі кезең бойынша сыналады. Сондай-ақ бір сұрақтың екі дұрыс жауабы болады. Неге олай? Біз Ұлттық тест орталығы директорының орынбасары Тұрақты Жұмаділдәұлыдан сұрап көрдік. 

"Мына сұрақта айтылмаған қанша дұрыс жауап бар? Егер сен осы сұрақты толық меңгерген болсаң, сол үшін саған екі балл қояйын деп отырмыз, сен білуің керек. Мысалы, "Қазақ КСР-ның бас қаласы қандай қалалар?" деген сұрақ болса, жауаптары Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана болса, шын білетін бала қайсысын айтуы керек? Егер ол Орынборды айтса, дұрыс емес, өйткені ол – Қазақ Автономиясының астанасы, Астана десе, ол – Қазақ Республикасының астанасы. Төртеуі де бір қарағанда дұрыс сияқты көрінеді, алайда дұрысы – Алматы мен Қызылорда. Басқа пәндер бойынша да сұрақтар осы жүйемен құралады. Мақсатымыз – нағыз білімдар баланы анықтау", – деді Ұлттық тест орталығы директорының орынбасары Тұрақты Жұмаділдәұлы.

Тұрақты Жұмаділдәұлының ҰБТ-2017-ге қатысты толық пікірін мына сілтемеден көре аласыз. 

М. Оңғарова