Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Жүз жағдай / Ақылды адамдардың артықшылығы

Ақылды адамдардың артықшылығы

Ақылды адамдардың артықшылығы

IQ деңгейі мен жоғары дәрежелі білімді адамның материалдық жағдайына, әлеуметтік статусына ғана әсер етпейді. Одан өзге де өмірлік жайларға қатысы бар.

Интеллект өмірді ұзартады. Жетілген IQ-дің пайдасы жөнінде салмақты тұжырым жасалды. Медициналық кеңесші Дэвид Бэтти Welcome Trust қайырымдылық қорымен бірлесіп зерттеу жүргізіп, 1 миллион швед азаматына тәжірибе жасайды. Оның ішінде ауруханаға түскен 18 000 адам өзіне қол жұмсаған. Әрқайсының тарихымен танысқанда, барлығы да білімі төмен адам боп шыққан екен. Демек жоғары білімді, ақылы бар адамдар денсаулығына күтім жасап, өзіне қол салуды ойына да алмайды. 

Сауатсыздар тез қартаяды. Манчестер университетінің мамандары Британияның 4000 тұрғынын бақылауға алды. Мектептен кейін оқудан алшақтап қалған ерлер мен әйелдер өз қатарластарынан ертерек қартаяды. Бұл зиянды әдеттерге (ішімдік, темекі) жақын болуға және спорттан қашық болуға байланысты. 

Интеллектісі жоғары әйел адамдар өмірден ләззат ала алмайды. 15-45 жас аралығындағы 1500 нәзік жан қатысқан зерттеу нәтижесі осындай қорытындыға келді. Жоғары білімі бар қыздар қажет кезде де миын толықтай өшіре алмайды. Сол себепті әр нәрсені ойлап, әр істі сараптап, толықтай эмоцияға беріле алмайтын көрінеді. 

Данышпандардың түсі. Америкалық түс мәселесімен айналысушылар кім қандай түс көретінін түсіну мақсатында зерттеу жасады. Олардың тұжырымы бойынша ең көп түс көретіндер IQ деңгейі, интеллектісі жоғары адамдар болып шықты. Әрі олардың түсі анық, бір-бірімен байланысты екен. Әр оқиғаны, әр деталін толық есінде сақтайтындар да осы ақылдылар. Кемеңгерлер түс көріп, оны есінде сақтап қана қоймай, сол бойынша жаңалық та ашқан. Мысал ретінде Нильс Борды айтуға болады. Ол атом моделін алдымен түсінде көрген. Менделеев те химиялық кестені жасауына көрген түсі әсер еткен. 

Көп түс көріңіз, таңертең әр деталін еске түсіріңіз, жаңалық ашыңыз, ақылды болыңыз, құрметті оқырман!

1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Ернар Алмабек
Қосылған күні: 09 ақпан 2018, 11:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.