Әскери погондар не үшін керек?

Әскери погондар не үшін керек?
Фото: sarbaz.kz

Әскери қызмет – азаматтардың өз елінің , отанының алдындағы қасиетті парызы саналады. 1995 ж. кабылданған "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік" туралы заңды негізге ала отырып, Қазақстанның барлық ер азаматтары нәсілі мен ұлтына, діни сеніміне, біліміне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан, қарулы күштер қатарында міндетті әскери қызметті атқаруға тиісті. 

Әскерилердің бірден көзге ерекше түсетіні – олардың ерекше киім-кешектері. Сонымен бірге әскери погондар да адамның назарын аудартады. Олардың погондары не үшін керек деген сұрақ көптің көкейінде болса керек. Әскери адамдардың бір біріне бағыныштылығы шен арқылы, лауазым арқылы анықталады. Онда адамдардың жасына қарап сыйласу деген түсінік жүрмейді. Яғни, олардың қандай лауазымдағы адам екенін погондарына қарап тануға болады. 

Погондар мен шағын погондардың көлемдері:

1) жапсыра тігілетін және алмалы-салмалы погон - ұзындығы 10,0-16,0 см, ені 5,0 см;

2) алмалы-салмалы погондар (муфталарда) - ұзындығы 10,0-13,0 см, төменгі жиегі бойынша ені 5,5 см, жоғарғы жиегі бойынша - 5,0 см;

3) шағын погондар - ұзындығы 5,0 см, ені 5,0 см.

Салтанатты погондардың негізіне алтын түстес ұлттық өрнектің бейнесі орналастырылады, күнделікті погондардың негізі - алтын түстес көмкерілген.

Әскери қызметшілер погондарының негізі көмкерілген. Көмкерме ені - 2 мм. Погонның жиегінен көмкерме жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.

Жұлдыздар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) полковниктерде (1-дәрежелі капитандарда) - үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 35 мм, үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25 мм;

2) подполковниктерде (2-дәрежелі капитандарда) - екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 35 мм;

3) майорларда (3-дәрежелі капитандарда) — бір жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойына орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 55 мм.

Жұлдызшалар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) капитандарда (капитан-лейтенанттарда) - төрт жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм, үшінші және төртінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 20 мм;

2) аға лейтенанттарда - үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм, үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25 мм;

3) лейтенанттарда - екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм.

Келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттардың (старшиналардың), сарбаздардың (матростардың) (орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарынан, Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінен басқа) погондарына әскери атағына сәйкес жапсырмалар орналастырылады. 

1) шебер-сержанттарда (шебер-старшиналарда) - екі жалпақ және бір жіңішке жапсырма;

2) штаб-сержанттарда (штаб-старшиналарда) - екі жалпақ жапсырма;

3) бірінші сыныпты сержанттарда (бірінші сыныпты старшиналарда) - бір жалпақ және үш жіңішке жапсырма;

4) екінші сыныпты сержанттарда (екінші сыныпты старшиналарда) - бір жалпақ және екі жіңішке жапсырма;

5) үшінші сыныпты сержанттарда (үшінші сыныпты старшиналарда) - бір жалпақ және бір жіңішке жапсырма;

6) аға сержанттарда (бас старшиналарда) - бір жалпақ жапсырма;

7) сержанттарда (бірінші сатылы старшиналарда) - үш жіңішке жапсырма;

8) кіші сержанттарда (екінші сатылы старшиналарда) - екі жіңішке жапсырма;

9) ефрейторларда (аға матростарда) - бір жіңішке жапсырма.

Қатардағы жауынгерлердің (матростардың) погондарында әскери атақтары бойынша айырым белгілері көрсетілмейді.

Орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының (Әскери-теңіз күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің курсанттарынан басқа) погондарына - "К" әрпі, жапсырмалар әскери атағына сәйкес орналастырылады. 

1) аға сержанттарда - бір жалпақ жапсырма;

2) сержанттарда - үш жіңішке жапсырма;

3) кіші сержанттарда - екі жіңішке жапсырма;

4) ефрейторларда - бір жіңішке жапсырма.

Қатардағы жауынгерлер мен курсанттардың погондарында әскери атақтары бойынша айырым белгілері көрсетілмейді.

Ж. Жұмағұлов