Адамдарды бір-біріне жақындата түсетін сұрақтар

Адамдарды бір-біріне жақындата түсетін сұрақтар
Фото: massaget.kz

1. Бала кезіңізден қалған ең тәтті естелікті айтып беріңізші.

2. Сахнаға шығып па едіңіз? Сол кезде болған қызықтар есіңізде ме?

3. Зообаққа соңғы рет қашан бардыңыз?

4. Соңғы рет қашан, қандай кітап оқыдыңыз? Әлде қандай бағдарлама көрдіңіз? Несімен ұнады?

5. Жатақхананың бір бөлмесінде неше адам тұрған дұрыс деп ойлайсыз? Себебі?

6. Шашыңызды қиған кезде сәтсіз шығып, күлген кезіңіз болды ма?

7. Еріксіз баруға мәжбүр болған жерлерді айтып беріңізші. Ал өзіңіз қай жерлерге барғыңыз келеді?

8. Егер сіз жаңадан балмұздақ ойлап шығаратын болсаңыз, ненің дәмімен жасар едіңіз?

9. Соңғы рет жалғыз серуендеген кезіңіз есіңізде ме? Қай жерде жүрдіңіз, не көрдіңіз?

10. Қалай ойлайсыз? Оңқай мен солақай адамның қайсысы шығармашылыққа жақын болады?

11. Газет-журналдар оқисыз ба? Қандай түрлері ұнайды? Не себепті?

12. Аяқ астынан көшуіңіз керек болса, қай жаққа барып тұрар едіңіз? Ал осы жердің бәрінен бұрын несін сағынар едіңіз?

13. Отбасы болып араласатын достарыңыз бар ма?

14. Мектеп кезінде қандай пәнді жақсы көрдіңіз? Мектептегі жоғары сыныптар қандай болушы еді, ал ЖОО-да ше?

15. Үйде қандай жануар асырайсыздар?

16. Сіз үшін ең бақытты Жаңа жыл қашан болып еді?

17. Есіңізден кетпейтін кеш, отырыс бар ма?

18.  Ең сүйікті фильміңіз / сериалыңыз / актеріңіз?

19. Ең есіңізде қалған демалыс, жаз?

20. Соңғы рет қашан, қандай концертке бардыңыз? Ол санаңызда қандай естелік қалдырды?

@. @assel_assanova