- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Ұрыға көмек көрсеткен...
Ұрыға көмек көрсеткен полиция қызметкері
Полиция офицері Джастин Робиға Лондонның азық-түлік дүкендерінің біріне ұры түскендігі туралы хабар келеді. Бұл хабарды ала салысымен, Джастин оқиға орнына асығады. Келсе, дүкенге ұрлыққа түскен алты айлық баласына азық іздеп жүрген, жалғыз басты әке екен. Қолына кішкентай балаларға арналған тамақ құтысын қыса ұстап алыпты...
Дүкен менеджері шарасыз әкеге көңілі түсіп, үстінен шағым түсірмеуге шешім қабылдайды. Полиция қызметкері де мұнымен қуана келіседі. Ақырында, полиция қызметкері ұрлыққа түскен бейшара әкені қолына қыса ұстаған бала тамағымен бірге оқиға орнынан жібере салады. Және тамақ ақшасын өз қалтасынан төлейді.
Өз сөзінде: «Егер мен оның үстіне іс жүргізсем, ол ісім ешкімге жақсылық әкелмейтін еді. Оның онсызда қалтасында көк тиыны жоқ. Бар болса, мұндай іске бармас еді. Мен өзімді оның орнына қойып көріп, бұл жағдай менің басыма келсе, бір баламның қарнын тойдыра алмасам, қайтер едім деп ойладым. Содан кейін де, оның орнына ақша төлеуді жөн санадым», – дейді.
Сонымен қатар, өзінің осы ісінің бас шайқайтындай ештеңесі жоқ екенін алға тартады. «Менің әріптестерім де келеңсіз жағдайға тап болған, кез келген жан баласына қол ұшын созуға дайын. Олар осыған дейін де талай адамның өмірін құтқарып қалған. Тіпті, көлік дөңгелектерін ауыстырып, жаяу қалғандарын жетер жеріне жеткізіп салған. Тек халық арасында бұл туралы көп айтылмайды», – дейді.
Мейірімді полиция қызметкері сөз соңын: «Біз құлтемір (робот) емеспіз, әр полиция қызметкері төс белгісінің ар жағында дүрсілдеп соққан адам жүрегі бар», - деп аяқтаған екен.
Мұндай оқиғаның куәгері болсаңыз, сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Оқи отырыңыз:
1. Брендон Гримшоу – бүгінгінің Робинзоны
2. Бұл қызық: Құс та болғым келмейді... (Видео)
3. "Мауглидің туысқандары" немесе жануарлар тәрбиелеген балалар
4. "Мауглидің туысқандары" немесе жануарлар тәрбиелеген балалар #2
Сурет: salekalns.com
Е. Жұмабайұлы