«Сен мені күтіп алдың әскерден...»

«Сен мені күтіп алдың әскерден...»

Эмма мен Джонның махаббат хикаясының тамыры тым тереңде еді. Кейін Джонды әскери күшке шақырып, араларында сағынышқа толы 100 күн өтті. Ғашықтардың отау құрып, шаңырақ көтеретін ойлары болатын. Сөйтіп, әскери қызметінің уақыты бітіп, Джон елге оралды. Сүйгенін сағынған Эмма Джонға әуежайда тосынсый жасайды. Эмма күту залына кіруге рұқсат алып, Джонды алғаш болып, күтіп алмақ болады. Бірақ, сүйгеніне сыйлық әзірлеп жүрген Эмманың өзін үлкен тосынсый күтіп тұрғанын білмеген еді... Мына бейнебаяннан екі жастың қалай қауышқанын тамашалап, әселеріңізбен бөлісіңіздер!

Cурет: creativetimes.co.uk

Е. Жұмабайұлы