Парашютпен секірерде мынаны біліңіз

Парашютпен секірерде мынаны біліңіз
Фото: Viver de Blog

Парашютпен инструктор көмегінсіз жалғыз секіргісі келетіндер 14 жастан асқан болуы тиіс.

Бұлтты күндері және желді ауа райында парашютпен секіруге рұқсат берілмейді. Күн ашық кезде жылдың төрт мезгілінде де ұшуға болады.

Ұшар алдында ішімдік, есірткі секілді нәрселерді тұтынуға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар психикалық жай-күйі де қаралады.

Парашютпен секірер алдында ештеңе жеуге болмайды деп жатады. Бұл жалған, күндегідей тамақтана беруге болады.

Алғаш секірген кезде бір күнде бір рет қана ұшу жеткілікті.

Парашютпен төмен қарай құлдилағанда жылдамдық метріне 5 секунд болады.

Егер биіктіктен қорқатын болсаңыз... Парашютпен секіруге деген құлшынысыңыз мықты болса, қорқыныш өзі-ақ басылады. Мұны қорқынышты жеңудің бір әдісі деп біліңіз.

Ал бір жеріңіз сынған болса, дәрігермен ақылдасыңыз. Әдетте, аяқ сынса, жарты жылға дейін ұшуға рұқсат берілмейді.

Жүрегіңізде, қан қысымыңызда мәселе болса, алдын ала тексеріліп, барлығы дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

Парашютпен секірушілердің ең аз деген салмағы – 45 кг, ең көп болғанда – 95 кг аспауы керек.

Әдетте, алғаш ұшқанда 600-800 метр қолайлы. Мұндай биіктікте демалуға әбден болады.

Киетін киіміңіз қол-аяғыңызды толықтай жауып тұратын болғаны дұрыс. Ұшқан кезде еш жеріңіз ашылмайтындай, ұятқа қалмайтындай киім таңдаңыз. Әлдебір жағдайлар болса, обалсынбай лақтырып тастайтын киім киіңіз.

Алғаш ұшқанға кеда не ашық аяқ киім жарамайды. Мейлінше аяқты толығымен жабық ұстайтын биік аяқ киім таңдаңыз.

Жер температурасына қарағанда 600-800 метр биіктік 2-5 градусқа, 1000 метр биіктік 7 градусқа төмен болады.

Жерге түскен кезде аяққа түсетін салмақ қандай болмақ? Оны білу үшін қос аяқты біріктіріп өз бойыңыздай биіктіктен секіріп көріңіз.

Ұшқан кезде өзіңізбен фотоаппарат, видеокамера алсаңыз да болады. Алғашқы әсер ешқашан ұмытылмауына септігі тиеді.

@. @assel_assanova