Бұл мақаланы оқысаңыз...

Бұл мақаланы оқысаңыз...
Фото: www.iphones.ru

Сіз егер бұл мақаланы оқып жатқан болсаңыз,  ендігі тақырыбына үңіліп, қызығып кірдіңіз. Себебі сіз қызығушылығы бар адамсыз.

Сіз әлі де оқып отырған болсаңыз, әр автордың мақаласын соңына дейін ерінбей оқып шығуға құмарсыз. Бұл – сыйластық.

Егер сіз дәл осы жолды оқып отырған болсаңыз, есіңізде болсын оқырмандарымыздың 10-ақ пайызы шыдамдылық танытып осы жерге жетті.

Дәл осы 10 пайыз оқырман ең бірінші болып сайтымыздағы жаңалықтарды оқиды және танымдық әрі ақпараттық дүниелермен таныса алады.

Ал бұл жолға жеткен болсаңыз сіз ендігі осы жолға жеткен 2 пайызды құрайтын оқырмандардың қатарындасыз. Енді біз сізбен «сен» деп сөйлесейік. Себебі біз доспыз, біз бірге көптеген шыңды бағындырамыз. Себебі сен «Массагет» жастар порталымен біргесің!

Дәл осылай әр мақаланы соңына дейін құныттап әрі мән беріп оқысаңыз, сіз көптен бұрын ілімге қанық боласыз. Себебі түрлі айдар сізді түрлі әлемге бастайды. Біз сіз үшін жұмыс жасаймыз!

Әрбір істің түбіне жету арқылы жеңіске жетесіз, құрметті оқырман! 

М. Ақан